ХАБАРЛАНДЫРУ «Мәртөк ауданының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 «Мәртөк ауданының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

 

«Мәртөк ауданының аппараты» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы 22 мамырынан 22 маусымына дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Мәртөк ауданы әкім аппараты» ММ ұйымдастыру және мемлекеттік-құқық жұмыстар бөлімінің бас маманы Балғазин Марат Қамашұлына келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (71331) 21-5-65.

Дата публикации
11 мая 2023