Жер заңнамасын нормаларын сақталуы

Жер заңнамасын нормаларын сақталуы

 

Аудан прокуратурасы жер заңнамасының сақталуы сұрақтары басты назарда.

Аудан прокуратурасымен 2022 жылыпрокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 37 млн. теңгеден астам көлемі 1 893 га жайылымдық жер мемлекет қорына қайтарылды.

Оның ішінде 594 га жайылым жері елді мекен жерлерінің санатына енгізілді, 1299 га жері ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға ШҚ-на конкурс арқылы табысталды.

Одан басқа, жалпы көлемі 13 653 га құрайтын мүлдем қолданыста жоқ 31 шаруашылық құрылымдарда анықталды.

         Қазіргі таңда, анықталған бұзушылық бойынша аудан прокуратурасымен Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментіне енгізілген қадағалау актіне сәйкес көлемі 7 239 га құрайтын 14 ШҚ-на тексеріс ашылып мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

         Осымен бірге, аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарының жұмысына жүргізген талдаумен, жер комиссиясымен конкурс арқылы жер учаскелерін табыстау кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасау фактісі анықталды.

Енгізілген қадағалау актісі нәтижесінде 4 лауазымды тұлғаға қатысты қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді, 2 лауазымды тұлғаға қатысты атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару туралы шешім қабылданды.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

 

Мәртөк ауданының прокуратурасы. 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2023