Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының  Байнассай

ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2022 жылғы 25 қыркүйекте Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын шығарды:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 441 азамат енгізілді, олардың 297-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алланазаров Е.Ж. – 221; Артыгалин С.Ж. – 4; Мынжасаров М.Ф. – 67.

Байнассай ауылдық округінің әкімі болыпАлланазаров Ерлан Жанғабайұлы сайланды, 1990 жылы дүниеге келген,«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ ТЖ жөніндегі бас инспекторы, Тәңірберген ауылдық округінің Саржансай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының45-бабына сәйкес,Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен 2022 жылғы 25 қыркүйекте сайланған Мәртөкауданының Байнассай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

 

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 сентября 2022