Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

Мәртөк а.                                         № 112                         2022 жылғы 6 тамыз

 

Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округ әкімінің сайлауы 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалсын.

 

         2.Байнассай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну  2022 жылғы 27 тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 9 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

 

  1. Байнассай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

 

  1. Осы қаулы Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                          К. Бердиев

 

 

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                   Г. Өтепбергенова

 

 

Дата публикации
06 августа 2022