2022 жылдың 3 тоқсанда өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

2022 жылдың 3 тоқсанда өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен

сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

 

2022 жылғы 20 қазандағыжағдай бойынша

 

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы(орындалды / орындалуда)

 

Мәртөк ауданы

1.      

Родников ауылындағы Достық көшесінің жарығы туралы

«Энергосестема» ЖШС арқылы істен шыққан шамдар жаңа шамдарға ауыстырылды. Ауыстырған шамдар саны - 8.

орындалды

 

2.      

Қаратоғай ауылындағы асфальттанған көшелерге суағар мен труба салу туралы

Мердігер мекеме: «ИнформСтройСервис» ЖШС

Жұмыстар аяқталды: а.ж. қыркүйек айында аяқталды.

орындалды

 

3.      

Достық ауылына терапевт дәрігерінің қажеттілігі туралы

А.ж. тамыз айында тиісті маманмен қамтамасыз етілді.

орындалды

 

4.      

13 жылдық Қазақстан бағытындағы жолды жөндеу туралы

 

Мердігер мекеме:«Кеңдаңғыл» ЖШС

Қаржыландыру:1,5 млн. тг.(«Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды).

Жұмыстар аяқталды:а.ж. қыркүйек айында аяқталды.

орындалды

 

5.      

Қаратаусай ауылындағы жеке үйінің құжаттарын жаңарту туралы

Жеке үйінің құжаттарын реттеп, Халыққа қызмет көрсету орталығына жолданды.

орындалды

 

6.      

Егізата ауылындағы электр энергиясы кернеуінің төмендігі туралы

«Энергосестема» ЖШС арқылы Құрмансай ауылындағы электр қауатын таратушы трансформатор жаңадан а.ж. тамыз айында ауыстырылды.

орындалды

 

7.      

Егізата ауылын жарықтандыру мәселесі

 

Мердігер мекеме:«Көптлеуов Рустембек» ЖК

Қаржыландыру: 1,094 мың тг.

Егіз Ата ауылының  көшелерінде 10 ДРЛ лампа жаңадан үнемді ЛЭД лампаларға ауыстырылды және қосымша 7 ЛЭД лампа қондырылды, барлығы 17 ЛЭД лампа жанып тұр.

орындалды

 

8.      

Шаңды ауылын жарықтандыру мәселесі

Мердігер мекеме:«Көптлеуов Рустембек» ЖК

Қаржыландыру: 460 мың тг.

Шаңды ауылына қосымша 7 лэд шамдары қондырылды.

орындалды

 

9.      

Шаңды ауылының ауылішілік жолды тегістеу туралы

 

Мердігер мекеме:«Олимп», «Факел», «Фиалка» шаруа қожалықтары

Қаржыландыру: 500 мың тг.(«Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды).

Жұмыстараяқталды: а.ж. тамыз айында жасалды.

орындалды

 

10.   

Шевченко ауылының мектебінің шатырын жөндеу жөнінде

 

Мердігер мекеме:«BatysSVC» ЖШС

Қаржыландыру: 6.8 млн. тг

Жұмыстараяқталды: а.ж шілде айында шатырға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

орындалды

 

 

 

Мәртөк ауданының әкімі                                          А. Салықбаев

 

 

Орынд.: А.Саркулов

Дата публикации
20 октября 2022