2022 жылдың 1 тоқсанда (ақпанда) өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынантүскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

2022 жылдың 1 тоқсанда (ақпанда) өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынантүскен

сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

 

2022 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша

 

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы(орындалды / орындалуда)

 

Мәртөк ауданы

1.    

Достық ауылының Қобыланды батыр көшесін жарықтандыру туралы

 

Мердігер:ЖК «Leddekar»

Қаржыландыру:4,5 млн. тг(аудандық бюджет)

Жұмыстың басталу мерзімі: а.ж. мамыр айы.

Жұмыстарды аяқтау мерзімі: а.ж. маусым айы.

Орындалды

 

2.    

Первомай ауылын газдандыру мәселесі

ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтті, оң нәтижесін алды.

Орындалуда

 

3.    

Жайсаң ауылына банкомат қажеттілігі туралы

Евразийский,  Халық банкі,  Каспий банктермен Жайсаң ауылында банкоматын орналастыру бойынша келіссөздер өткізілді. Олардың сұранысы бойынша банкомат орнататын, бейнекамерасы бар,  күзеті бар- Гелиос және Казахойл АЗС орындары ұсынылды.  Алайда,  ауыл халқы саны 5000 жетпеуіне байланысты, бұл банктер әзірше банкомат орнатудан бас тартып отыр.

Орындалуда

 

4.    

Қаратоғай ауылында жаңадан табысталған жер учаскелеріндегі тұрғын үйлерге инфрақұрылымдық  коммуникацияны пайдалануға беру мәселесі

2020 жылы «Актобе НефтеГазСтрой» ЖШС газ құбырын тартты, құны -122,0 млн.теңге (РБ – 110,0 млн.тг., ОБ – 12,0 млн.тг).

2021 жылы «Алихан Ойл 3» су құбырының құрылысын жүргізді, құны - 560,0 млн.тг.(РБ – 504,0 млн.тг., ОБ – 56,0 млн.тг).

2021 жылы «Каз Люкс» ЖШС электр желілерінің құрылысын жүргізді құны - 330,0 млн.тг.(РБ – 330,0 млн.тг., ОБ – 30,0 млн.тг.).

Нысандардың барлығы пайдалануға берілді.

Орындалды

 

5.    

Аққайың ауылын газдандыру мәселесі туралы

ЖСҚ дайындалуда

Орындалуда

 

6.    

Мәртөк-Құрмансай тас жолын жөндеу мәселесі туралы

2019 жылдың қыркүйек айында ЖСҚ әзірленді.

2019 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан өтті.

Мердігер:«Кеңдаңғыл» ЖШС

Қаржыландыру:339 млн. тг. (РБ – 147,2 млн. тг., ОБ – 191,8 млн. тг.)

Жұмыстың басталу мерзімі: а.ж. мамыр айы.

Жұмыстарды аяқтау мерзімі: 2023 жылдың қазан айы.

Орындалуда

 

7.    

Бөрте ауылындағы көшелерді жарықтандыру туралы

Мердігер:ЖК «Успанова Акмарал»

Қаржыландыру:1,4 млн. тг.(аудандық бюджет)

Жұмыстың жүргізілген мерзімі: а.ж. маусым айы.

Орындалды

 

8.    

Мәртөк ауылының Мәметова көшесін асфальттау мәселесі

2021 жылдың қазан айында ЖСҚ әзірленді.

Мердігер:«Актобе Кап-Рем Строй» ЖШС

Қаржыландыру: 61,2 млн. тг.

Жұмыстар толығымен аяқталды

Орындалды

 

9.    

Жаңатаң ауылын газбен қамту мәселесі туралы

2021 жылдың қыркүйек айында ЖСҚ әзірленді.

2021 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік сараптамадан өтті.

Мердігер:«Gas Energy Construction» ЖШС

Қаржыландыру: 23 млн. тг.(аудандық бюджет)

Жұмыстар а.ж. сәуір айында басталып, мамыр айында аяқталды.

Орындалды

 

10. 

Мәртөк - Родников тас жолындағы кіре беріс жолдың 800 метр аяқтау мәселесі

2021 жылдың қазан айында ЖСҚ әзірленді.

2022 жылдың қараша айында мемлекеттік сараптамадан өтті.

Мердігер:«Агро фирма Коквест» ЖШС

Ақтөбе-Родников тас жолының 5-42 км асфальттау жоспарға енгізілген.

Жұмыстың басталу мерзімі: а.ж. маусым айы.

Жұмыстарды аяқтау мерзімі: 2023 жылдың шілде айы.

Орындалуда

 

11. 

Родников ауылының ішіне салынатын жол мәселесі

2020 жылдың қазан айында ЖСҚ әзірленді.

Мердігер:«Ремгорстрой» ЖШС

Б. Момышұлы көшесі – 88 млн. тг.

Ружанский көшесі – 39 млн.тг.

Жұмыстың басталу мерзімі: а.ж. мамыр айы.

Жұмыстарды аяқтау мерзімі: а.ж. маусым айы.

Жоба «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Орындалды

 

12. 

Родников ауылыныңБейбітшілік көшесінде орналасқан көпірді толығымен аяқтау

Мердігер:«Сапахов» ИП

Қаржыландыру: 200 мың тг.(демеушілік)

Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Орындалды

 

13. 

Сарыжар ауылдық медициналық пунктке жеңіл медициналық көлік бөлу туралы

А.ж. сәуір айында Сарыжар ауылдық медициналық пункт жаңа автокөлікпен қамтамасыз етілді.

Орындалды

 

14. 

Кеңсахара ауылында жарықтың өшіп қалуы туралы

Аталған мәселеде жұмыстар жүргізілуде.

Орындалуда

 

15. 

Хазірет ауылына газ тарту мәселесі

ЖСҚ жасауға 17,3 млн. тг. (ОБ)қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2024-2025 жылдары газдандыру жоспарлануда

Орындалуда

 

 

 

Мәртөк ауданының әкімі                                                                А. Салықбаев

 

 

Орынд.: А. Саркулов

Дата публикации
20 октября 2022