Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі Құмсай ауылының Құрылысшылар көшесіне қайта атау беру туралы

Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі Құмсай ауылының Құрылысшылар көшесіне қайта атау беру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, Мәртөк ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20шілдедегі №2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің Құмсай ауылының Құрылысшылар көшесіне Р.Ділмағамбетов көшесі деп қайта атау берілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
30 сентября 2022