Мәртөк ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы шешімі

 

Мәртөк ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін

 айқындау туралы шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәртөк ауданында мүгедектігі бар балаларқатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәртөк аудандық мәслихатының

20__ жылғы «__» _________ № ___

шешіміне қосымша

 

Мәртөк ауданында мүгедектігі бар балаларқатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

 

  1. Осы Мәртөк ауданында мүгедектігі бар балаларқатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.
  2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балаларқатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
  3. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
  4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берген айдан бастап психологиялық – медициналық - педагогикалық қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі.

5.Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға және порталға шығындарды өтеу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

  1. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Мәртөк ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі немесе алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
  2. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.
  3. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке тең.
  4. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен беріледі және уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың жеке шоттарына жүзеге асырады.
  5. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

 

 

 

 

Дата публикации
20 сентября 2022