Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 13.09.2022ж

Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 13.09.2022ж

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы Байнассай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:

Алланазаров Ерлан Жанғабайұлы- 1990 жылы туған, «Мәртөк ауданы  әкімінің аппараты» ММ , бас төтенше жағдайлар инспекторы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Саржансай ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған;

Артығалин Самғат Жанболатұлы- 1989 жылы туған, Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған;

Кауменова Жанна Сергейқызы- 1980 жылы туған, Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Мыңжасаров Мирболат Фархадұлы – 1987 жылы туған, «Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Байнассай ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 сентября 2022