Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістермен толықтыруларенгізу туралы
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмеккөрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелегенсанаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10бабының 2) тармақшасында, 11бабының 2) тармақшасында, 12бабының 2) тармақшасында, 13бабының 2) тармақшасында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
9тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедектігі бар балаға 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде «Мәртөк аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;»;
10тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;»;
11тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;»;
16 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).».
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімдіоны ресми жарияланғаннан кейін Мәртөк аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.