Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округ әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы ҚАУЛЫСЫ

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының

 

ҚАУЛЫСЫ

 

Мәртөк ауылы                                №  12                         2022 жыл 26 тамыз

 

 

Мәртөк ауданының

Байнассай  ауылдық округ әкімін сайлау жөнінде сайлау

 округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабынас әйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
  • Байнассай сайлау округі – Байнассай ауылдық округ аумағының шекараларында.

 

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

 

          Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                      К.Бердиев

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                      Г.Утепбергенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 августа 2022