Мәртөк ауданының Хазірет ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

Мәртөк а.№ 5                                                            2022 жылғы 20 мамыр

 

Мәртөк ауданының Хазірет ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Мәртөк ауданының Хазірет ауылдық округ әкімінің сайлауы 2022 жылғы 19 маусымға тағайындалсын.

 

         2.Хазірет ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну  2022 жылғы 21 мамырдан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 3 маусымғажергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

 

  1. Хазірет ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 8 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

 

  1. Осы қаулы Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                      К. Бердиев

 

 

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы               Г. Өтепбергенова

Дата публикации
20 мая 2022