Мәртөк ауданының елді мекендерінің бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Мәртөк ауданының елді мекендерінің бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасы Заңының          10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Мәртөк ауданның елді мекендерінің бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                      А.Салықбаев

 

 

Жобаны енгізген:

Мәртөк аудандық тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің басшысы                                                  Ж. Каржауов

Дата публикации
02 июня 2022