Мәртөк ауданында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерін жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Мәртөк ауданында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерін жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

 

 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 - бабы 2 - тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Мәртөк ауданында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерін, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерін жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк аудан әкімінің орынбасары А.Айтмағамбетовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудан әкімі                                                                            А.Салықбаев

 

 

 

Жобаны енгізген:

Мәртөк аудандық тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің басшысы                                                     Ж. Каржауов

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2022