2021 жылыМәртөкауданы бойынша сыбайласжемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған жұмыстар туралы
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында атқарған жұмыстарды жергілікті газетте және интернет ресурстарына жыл басынан бері мекеме басшыларымен 10мақала жергілікті «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланды.
Халықтың сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы көз-қарасын қалыптасыру және мемлекеттік қызметтің деңгейін көтеру мақсатында 39баннер әзірленіп, орнатылды(бұл мақсаттағы баннерлермен 100% ауылдық округтерде қамтылған).
Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатындағы «Есіктен есікке» жобасынжүзеге асыру бойыншасыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы жадынамалар халық шоғырланатын - 649 орынға ілінді.
Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы комиссия отырысы тоқсан сайын кемінде 1рет өткізіліп тұрады/2021 жылдың 1,2,3,4-тоқсандарында отырыстар өткізілді/, онда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім атқарушы органдардың басшылары баяндама жасайды.
Рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасымен бекітілген жоспарға сәйкес, білім бөліміне қарасты ұйымдарда 20-орта мектепте, 6-негізгі мектептерде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтары құрылып 5005 оқушы құрамына қабылданды.(Яғни, Мәртөк ауданындағы 5-10 сынып оқушылары 100% ерікті түрде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтары құрамына енген. 11 сынып оқушылары еріктілер құрамында жоқ. Себеп: ҰБТ дайындыққа уақыт қажеттілігіне байланысты, өз өтініштері бойынша құрамға енгізілмеді.)
Аудан көлемінде әр салада жетекшілік ететін басшылардың аудан әкімдігінің инстаграмм әлеуметтік желісіндегі «martok_audanynyn_akimdigi» парақшасында тікелей эфирге шығуы. Бүгінгі таңға 91 рет тікелей эфир ұйымдастырылып, тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға тиісті жауап берілді. Есеп бойынша тікелей эфирде әр-түрлі салада 389 сұрақ қойылып, оған толыққанды жауап берілген. Тікелей эфирдің қаралымы орташа есеппен 430 адам.