«Байрамов Рамиль Вагиф оглы» жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II ҚРЗ Жер кодексінің 18, 84, 85, 88-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 Заңының 6-тарауына сәйкес, 2021 жылғы 05 қарашадағы № 0853 «Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қолдаухаты негізінде,
Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ коммуналдық базарын жоспарланатын абаттандырылуына байланысты жүк машиналарының жолына бұрыла отырып, өтпе жолды (кіру және шығу) қамтамасыз ету үшін Мәртөк ауданының Мәртөк ауылында орналасқан, Есет көке көшесі, 109 Б, алаңы 800 шаршы метр, кадастрлық нөмірі 02: 029: 021: 093), жеке меншік құқығында тиесілі «Байрамова Рамиль Вагиф оглы», жер учаскесінің мақсаты - сауда үйінің ғимаратын орналастыру және қызмет көрсету үшін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін иіліктен шығаруға байланысты жоғарыда көрсетілген жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні - 2022 жылғы 27 маусымы болып белгіленсін.
  3. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру «Мәртөк ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не жүктелсін.
  4. Жүгінген орны: « Мәртөк ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, мекенжайы: Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38.
  5. «Мәртөк ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты аталған жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бюджетте қаражат қарастырсын.
  6. «Мәртөк ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды, оның ішінде осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қабылдасын.
  7. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасарына
    (Қ. Қылышбаев) жүктелсін.

       

          Аудан әкімі                                                                             А. Салықбаев

 

          Жобаны енгізген:

          Аудандық жер қатынастары

бөлімі басшысы                                                                    А. Көпберген

Дата публикации
25 марта 2022