Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

Мәртөк а.                                       № 2                           2022 жылғы 21 қантар

 

Мәртөк ауданының Тәңірберген  ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округ әкімінің сайлауы 2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалсын.

 

  1. Тәңірберген ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 22 қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 4 ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

 

  1. Тәңірберген ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 9 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

 

  1. Осы қаулы Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

        

          Мәртөк аудандық

          сайлау комиссиясының

          төрағасы                                                                  К. Бердиев

 

 

 

Мәртөк аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                  Г. Өтепбергенова

Дата публикации
21 января 2022