2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының                     6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының                            1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылға Мәртөк ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде:

елуден жүз адамға дейін – екі пайыз мөлшерінде;

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – үш пайыз мөлшерінде;

екі жүз елу бір адамнан жоғары – төрт пайыз мөлшерінде жұмыс орындары санынан белгіленсін.

Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан  ұйымдар мен дара кәсіпкерлер үшін белгіленеді.

  1. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
20 ноября 2021