Құрмансай ауылдық округінің Шаңды елді мекені аумағында шектеуіс-шараларын белгілеу туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 02-12-3/929 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:

  1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Шаңды елді мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

        1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

        2) осы шешімді оны ресми жарияланған кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

     
Дата публикации
27 сентября 2021