Мәртөк ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасын мониторингілеу бойынша 2020 жылға талдамалық жазбасы

Мәртөк ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасын мониторингілеу бойынша

2020 жылға талдамалық жазбасы

 

  1. Ақпаратты талдау және жалпылау ұсынылған жедел есептілік.

Бағдарламалық құжаттың реквизиттері: Мәртөк ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 209 сессиясының шешімімен бекітілді.

Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаның нәтижелер көрсеткішіне және нысаналы индикторларға қол жеткізу қарастырылған.

Нысаналы индикторлар Ақтөбе облысының Аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасымен (бұдан әрі – Бағдарлама) байланыстырылды. Сонымен бірге Бағдарламаның барлық бөлімдері облыстық басқармалармен келісілді.

2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын асыру барысында 3 бағыт қарастырылған, 54 іс-шараны іске асыру үшін 12 931 млн. т. жоспарланған , соның ішінде «Жалпы экономика» бағыты бойынша - 13 іс-шара 10519,0 млн.тенге, «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша - 28 іс-шара 1341,0 млн.тенге, «Инфрақұрылым» бағыты бойынша - 13 іс-шара 1070,9 млн.тенге.

         1.«Жалпы экономика» бағыты бойынша 5 мақсат, 12 нысаналы индикторлар қарастырлған, 9-ына қол жеткізілді, 3-не қол жеткізілмеді («Өнеркәсіп өнімінің көлемі» , «Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі», Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі,» ).

         «Экономика саласы» бойынша 1 мақсат 1 нысаналы индикатор қарастырылды.

         «Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны» НИ  жоспар бойынша 105% нақты орындалуы – 164,9 %,  қол жеткізілді.

«Өнеркәсіп саласы» бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индиктор қарастырылған.

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» НИ жоспар – 102,0 %, орындалуы – 100,2 %. қол жеткізілмеді. Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуі жалпы өнеркәсіп көлемінің төмендеуіне әкелді. Оған "Экспоинжиниринг" ЖШС өнімінің негізгі көлемін иеленетін ресейлік "Ависма"компаниясының бас тартуы себеп болды. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын жалғыз қытай компаниясымен жұмыс істейді, алайда келісімшартқа сәйкес өнім көлемі аз болып қалады.

«Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі» НИ  жоспар – 101,1 %, орындалуы – 99,4 %. қол жеткізілмеді. Себебі: Өңдеу өнеркәсібі саласындағы көрсеткіштердің төмендеуі жеке кәсіпкер Садуановтың сервистік - дайындау орталығы (СДО) қызметінің тоқтатылуымен, ағымдағы жылы "Кандула" ЖШС, "Мәртөк-Сүт" ЖШС, "Рад-Агро" ЖШС, "Родники-Агро" ЖШС, "АгроТоргПлюс" ЖШС өнімдерін қайта өңдеу көлемінің төмендеуімен байланысты.

 

«Инновациялар мен инвестициялар» саласы бойынша 1 мақсат және 3 ынсаналы индиктор қарастырылған,1-не қол жеткізілмеді.

«2016 жылға негізгі капиталға инвестициялар» НИ жоспар бойынша – 110,0 %, нақты орындалуы 144,4%, қол жеткізілді.

         «Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны» НИ жоспар бойынша – 130,5 %, нақты орындалуы 148,4 %, қол жеткізілді.

        «Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі» НИ жоспар бойынша 0,5 %, нақты орындалуы 0,0 %, қол жеткізілмеді.

«Агроөнеркәсіп кешені» саласы бойынша 1 мақсат және 2 нысаналы индиктор.

«Ауыл, орман және балық шаруашылығы
өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі» НИ
жоспар бойынша -  105,0 %,  нақты орындалуы – 111,6 %. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 32,3 млрд. теңгені (2019 ж -24,3 млрд. теңге).

 «Ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басы саны» НИ , оның ішінде

ІҚМ жоспар бойынша – 50,1 %, нақты орындалуы 50,1 % - қол жеткізілді.

        ҰҚМ жоспар бойынша -  40,7 %, нақты орындалуы 40,7% - қол жеткізілді.

          «Шағын және орта бизнес» саласы бойынша 2019 жылы  1 мақсат және 4 нысаналы индикатор, 8 іс-шаралар қарастырылған.

         «ШОБ субьектерімен өнім шығарудың өсу қарқыны, %» НИ жоспар бойынша – 110,0 %, нақты орындалуы – 135,1 %, қол жеткізілді.

Өткен жылы бизнес өкілдерімен 37 нысан ашылды, оның нәтижесінде 72 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» жолының бойында шағын және микробизнестің дамуын ерекше айта кету қажет, өткен жылы 4 жол бойындағы қызмет көрсету нысандары іске қосылды.

          Жыл басынан аудан орталығында, Астана және Ақтөбе қалаларында 25 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді,онда нарық бағасынан төмен бағамен өнім сатылды. Өткізілген өнімнің жалпы құны 52,0 млн. теңгені құрады. 

         "Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету» НИ   жоспар бойынша – 3, нақты орындалуы – 11, қол жеткізілді

 «Бөлшек сауда көлемінің нақты көлем индексі» НИ  жоспар бойынша 105,0 %, нақты орындалуы 105,1 % - қол жеткізілді,  2020 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 4342,3  млн.теңге.

         Көтерме сауданың нақты көлем индексі, % НИ  статистикалық мәлімет 1 квартал кешігіп шығуына байланысты есепке алынбады.

         2.«Әлеуметтік сала» бағыты бойынша 5 мақсат 7 индикатор қарастырылы, 1 НИ (1000 тірі туылғандарға шаққанда нәресте өлімін төмендету, % НИ) қол жеткізілмеді.

«Білім» саласы бойынша 1 мақсат және 2 нысаналы индикатор, 17 іс-шаралар қарастырылған, барлық индикаторларға қол жеткізілді, 904,5 млн.тенгеге   17-ге жуық іс-шара жоспарланды.

         «Апаттық және үш ауысымды мектептерде жұмыс істейтіндер саны» НИ  жоспар бойынша 0 бірлік , нақты орындалуы 0 бірлік.         

 «3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту» НИ жоспар бойынша 100%, нақты орындалуы 100%,  ауданда жалпы саны 2032 балаларды қамтитын 21 балабақша бар.  

30 мектепке дейінгі мекеме (2032 бала), оның ішінде 20 бала бақша, 10 шағын орталық жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі біліммен 3-6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз қамтылған. Барлық  мектептің өз сайттары бар және оқушылар жетістігін мониторингілеу  үшін Kundelik.kz жүйесі мен «Bilim Land»жобасына қосылған. Барлық мектептерде кең жолақты интернетке қолжетімділік 100 %.

Сондай-ақ, қосымша білім беретін «Балалар техникалық өнер орталығы»  (1082 бала) және Мәртөк балалар өнер мектебі (504 бала) жұмыс жасайды.

          2019-20 жылы жалпы сомасы 49,1 млн. теңгеге болатын 4,9,10 сыныптарға арналған 23132 кітап сатып алынды.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индикатор, 7 іс-шаралар қарасытырылған, 1-не қол жеткізілмеді.

«100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлім-жітімін төмендету » НИ жоспар бойынша  0 % , нақты орындалуы 0%- қол жеткізілді.  Ана өлімі жоқ.

         «1000 тірі туылғандарға шаққанда сәби өлім-жітімін төмендету» НИ жоспар бойынша 7,1 %, нақты орындалуы 8,0 % - қол жеткізілмеді.

Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштерде төмендеу байқалады. 2017 жылы    12 айда  4 бала өлімі тіркелді, 496 сәби туылды. 2019 жылы 12 айда – 8 бала өлімі тіркелді. Әрбір жағдай бойынша талдау жүргізілді.

          1.01.2021  жылғы жағдай бойынша ауданда профилактикалы ем көрсететін 30 медициналық мекеме жұмыс жасайды: 1-орталық аудандық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункт, 1 ФАП.

          2020 жылы нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 2 есеге төмендеді. Жыл басынан бері ана өлімі тіркелген жоқ.

Жыл сайын туберкулез бен қатерлі ісіктерден өлімді азайту бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін, сүт безі обырын және жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін скринингтік қараулар өткізіледі, ерте анықталған туберкулезбен ауыратын науқастарды қазіргі заманғы диагностика және емдеу әдістері арқылы емдейді.Профилактикалық медициналық тексеру жүргізу Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтау, олардың ерте диагностикалау және тиісінше, уақтылы сауықтыру іс-шараларын өткізу қамтамасыз етіледі.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» саласы бойынша 1 мақсат және 3 нысаналы индикатор, 9 іс-шаралар қарастырылған, 3 индикаторға қол жеткізілді.

 «Жұмыссыздық деңгейі» НИ жоспар бойынша - 4,7 % нақты орындалуы - 4,6 % көрсеткішке қол жеткізілді.

«Тұрақты жұмыс орындарын құру» НИ жоспар бойынша - 820 бірлік, нақты орындалуы - 1022         бірлік немесе 124,6 %. кол жеткізілді.

 «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (ұсталған ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы %» НИ жоспар бойынша 64,1 %, нақты орындалуы 30,8 %, индикаторға кол жеткізілді.

2021 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  республикалық және жергілікті бюджеттен 150 отбасыға немесе 783  адамға 95,7 млн. тенге жәрдемақы төленді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауына байланысты аз қамтылған отбасыларға қосымша әлеуметтік көмек ретінде ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  жалпы сомасы 0,3 млн. теңге  төленді.

Өткен жылы аудан бойынша 1022 жаңа жұмыс орны ашылды , оның ішінде 70% тұрақты (2019 жылы - 994 жаңа жұмыс орны).

Бұдан басқа, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жоспары аясында 1662 адам жұмысқа орналастырылды (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жобаларға 64 адам; мемлекеттік қолдаусыз бос орындарға 1268 адам, қалғандары мемлекеттік көмекпен қамтамасыз етілді ) немесе жоспар 104,1% орындалды.

 Жұмыспен қамтудың нәтижелі шараларымен 1231 адам қамтылды , оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары 106, жастар тәжірибесі 159, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға 966 адам тартылды.

         «Дене шынықтыру және спорт, туризм»  саласы бойынша 1 мақсат және  1 нысаналы индикатор, 3 іс-шара қарастырылды, барлық индикаторлар орындалды, 6,0 млн.теңгеге 3 іс-шара жоспарланды. 

         «Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, % »  НИ жоспар бойынша – 22,6 % нақты орындалуы – 30,4 %, қол жеткізілді.

           Ауданда 128 дене шынықтыру ұжымдары бар, соның ішінде жалпы білім беретін 26, колледж-1, БЖСМ -1, ұйымдар- 100. 93 спорт қондырғылар бар.

          Ауданда  2020 жылы 46 спорттық іс-шара өткізілді, 7 000 адам қатысты. Ай сайын орташа есеппен 4 іс-шара өтеді, оған 152-ден астам адам қатысады.

         Өткен жылы жалпы сомасы 124 млн. теңгеге Жайсан ауылында спортзал құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы ауданның спорттық инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» саласы бойынша 1 мақсат және 2 нысаналы индикатор қарастырылған.

 «Жалпы қылмыстылық деңгейі (10000 адамға шаққанда)» НИ жоспар бойынша 61,0 % нақты орындалуы 54,0 % Қол жеткізілді.

«Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы» НИ жоспар бойынша 0,5 % нақты орындалуы 0,0%, кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы төмендеуі байқалады. (2018 жылы – 7 қылмыс, 2019 жылы – 1 қылмыс, 2020 жыл – 0 қылмыс).Қол жеткізілді.

 

  1. «Инфрақұрылым» бағыты бойынша 2 мақсат, 3 нысаналы индикатор, барлығына қол жеткізілді,

          «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» саласы бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикатор қарастырылып, барлық индикаторларға қол жеткізілді.

 «Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау» НИ жоспар бойынша – 71,8 %, нақты орындалуы – 71,8 %, қол жеткізілді. 32 елді мекеннің 23-і қамтамасыз етілген.

           Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 94,4% (29,8/28,1 мың адам), елді мекендер бойынша 68,8% (32/22).

          «Құрылыс» саласы бойынша  1 мақсат , 2 нысаналы индикатор қарастырылған.

 «Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» НИ жоспар – 105,0 %, орындалуы - 107,4 %, қол жеткізілді, құрылыс жұмыстарының көлемі 4,6 млрд.теңге немесе өткен жылғыдан 107,4 %  құрады.

«Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы , (мың шаршы метр)» НИ жоспар – 24,0 орындалуы – 24,5 қол жеткізілді.

 2020 жылы төмендегідей құрылысы жұмыстары жүргізілді:

Саржансай ауылында  электр желісінің құрылысы жүргізілді – 454 млн;

Құмсай ауылында газ құбырының құрылысы жүргізілді – 162 млн ;

Саржансай ауылын  газ құбырын салу жүргізілді – 154 млн;

Қаратоғай ауылын газ құбырын салу жүргізілді – 122 млн ;

Сарыжар ауылында мал қорымын салу жүргізілді – 13,4 млн;

Достық алаңының құрылысы жүргізілді – 178 млн;

Мәртөк ауылында 3 саябақ 129 млн. теңгеге және Арбат абаттандырылды;

Саржансай ауылында ауылдык клуб іске қосылды – 79 млн;

Жайсаң ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды – 125 млн;

Жайсан арнайы колледжінің спортзалының құрылысы аяқталды – 126 млн.

        

         Сонымен қатар, Құмсай ауылында 147 млн теңгеге 20 коммуналдық үй сатып алынып, «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрғандарға табысталды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша іске асырылуға бағытталған 54 іс-шара іске асырылды.

 «Жалпы Экономика» бағыты бойынша жалпы сомасы 10519,0  млн.теңге болатын 13  іс-шара орындалды; 3 индикаторға қол жеткізілмеді.

 «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша жалпы сомасы 1341,0 млн.тенге болатын 28  іс-шара орындалды; 2 индикаторға қол жеткізілмеді.

 «Инфрақұрылым» бағыты бойынша жалпы сомасы 1070,9  млн. тенге болатын 13  іс-шара орындалды;

2016 жылдың 23 желтоқсандағы Мәслихаттың № 51 шешімімен Мәртөк ауданының 2016 -2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасына түзетулер енгізілді (Облыс басқармаларымен келісілді).

Аудан әкімдігімен қабылданған шешімдер жоспарланған іс-шаралардың тиімді іске асырылуына және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Аудандық экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                   А.Жумабаева

Дата публикации
02 февраля 2021