Мәртөк аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Мәртөк аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
 
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына,  101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Мәртөк ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2.   Осы қаулы Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3.  Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
                        Төрағасы Е.Тыныспаев
 
                        Хатшы Ә.Райзих
 
Дата публикации
13 октября 2026