Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында2020 жылдың 07 шілдесіндегі «Халықденсаулығыжәнеденсаулықсақтаужүйесітуралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 104 бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы№57, 2020 жылғы 23 қазанындағы №58 және 2020 жылғы 02 қарашасындағы №62 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметі ішкі тәртібіне сәйкес рұқсат етілсін. Сонымен қатар, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі»;
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және теріс нәтижесімен шығуға/кіруге рұқсат берілсін.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын»;
2.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;
2.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева