Хабарландыру
Әсерді скринингтен өткізуді қарастыру туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Құжаттың әсеріне скрининг жүргізуге бастамашылық жасау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне келесі құжаттар (бұдан әрі — СЭӘ материалдары) жіберілді:
Оны іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын Құжаттың жобасы — «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;
Құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы;
«Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының бас жоспары. Түзету» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.
СЭӘ материалдарын әзірлеуші: «Қолдау» ЖШС.
СЭӘ материалдарының тапсырыс берушісі: «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.
СЭӘ әзірлеуге жауапты: Ақтөбе облысының әкімдігі.
СЭӘ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі:
2026 жылғы 25 мамырдан 5 маусымға дейін
(ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 5 маусым).
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер мүмкін болса, бұл қандай әсерлер және неліктен оларды айтарлықтай деп есептейсіз?
Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін қандай әсерлерді зерттеу қажет және неліктен?
Сіз СЭӘ жүргізуді қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты басқа да ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2050 жыл.
Уәкілетті орган:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.
Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 74-13-83.
E-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz.
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Кеңсесінің электрондық поштасына электронды түрде жіберуге болады:
k.kense@ecogeo.gov.kz
Құжаттарыңыздың Кеңсеге түскенін +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭӘ бойынша материалдар келесі сілтемелерде орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің сайтында.