«Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік органы туралы ЕРЕЖЕ

Мәртөк ауданы әкімдігінің

2018 жылғы  26  маусымдағы

№22  қаулысымен  бекітілді

 

 

«Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі»

мемлекеттік органы туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

                                           1.Жалпы ережелер

 

  1. «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім) жер қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттің органы болып табылады.
  2. «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  1. Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  2. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  3. Бөлім мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқықы бар.
  4. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  5. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  6. Мемлекеттің мекеменің орналасқан жері: индекс 030600, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мәртөк селосы, Сейфуллин көшесі, 38 ғимараты.
  7. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  8. Бөлімнің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Мәртөк ауданының Әкімдігі болып табылады.
  9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.
  11. Бөлім қәсіпкерлік субъектілерімен бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғасында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлімнің миссиясы – жер қатынастарын реттеу жүйесінің тиімділігін жоғарылатуына бағытталған шаралар алу, халыққа тиімді және сапалы қызмет көрсету.
  2. Бөлімнің міндеттері: Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеу мемлекеттік мекеменің негізгі міндеті болып табылады. Бөлім қызметін 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 ҚР Жер Кодексіне және осыдан кейінгі Үкіметтің қабылдаған қаулыларына сәйкес ұйымдастырды.
  3. Бөлімнің функциялары: Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген функцияларды жүзеге асырады.
  4. Бөлімнің құқықтары мен міндеттерді –заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәцкес бөлімнің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттер белгіленеді.
  5. Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  • иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
  • геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
  • мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  • мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
  • жерге орналастыруды жүрзізуді ұйымдастыру және учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  • аудандардың, жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру4
  • жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобаларға сараптама жүргізу;
  • аудандардың жер балансын жасау;
  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жургізу;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортын беру;
  • жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады;
  • пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
  • жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
  • жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік

          иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен   

          қорғауға, атап айтқанда:

  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің

топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

  • жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
  • жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының

орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.

  1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функцияларына

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелер кiредi.

  1. Бөлім басшысы және бөлімнің өзге де мемлекеттік қызметкерлері 

 Мәртөк ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы  жерді   

 пайдалану мен қорғау  жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып   

 табылады.

 

 

3. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi

 

  1.    Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын

         лауазымды адамдардың:

  • кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан

Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға немесе Мемлекеттік корпорацияға жiберуге;

  • Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар

(актiлер) жасауға;

  • Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк

жазалау туралы қаулылар шығаруға;

  • Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан

келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, нысаналы мақсатын өзгертуге, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;

  • қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге,

меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге;

  • жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ

Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

  • мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық

ақпаратты алуға;

  1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге

            асыратын лауазымды адамдар:

  • Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы

шаралар қолдануға;

  • жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi.
  1. 21. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге

асыруға кедергi жасайтын лауазымды және жеке тұлғалар, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш жұмсау қаупін төндіретiн немесе күш жұмсау әрекеттерiн қолданатын лауазымды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне

       басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның

       функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы  

       жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және

       қызметтен босатады.

  1. 24. «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

       бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Бөлімнің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар;

      2) Бөлімге қатысты өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;

      3) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

      4) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді  

       жүзеге асырады.

  1. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес

       қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы

       басқарады.

  1. Бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған

       шараларды қабылдайды, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың

       қабылдануына дербес жауап береді.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған болады.
  2. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі

     нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының   

      заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен

       қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және

       қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебін сатып  

       алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен  

       билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі бөлімнің уәкілетті органы «Мәртөк

       аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

 

 

 

                     6.Мемлекеттік органды  қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. 32. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының

      заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

   

 

 

      Мәртөк аудандық

      жер қатынастары

      бөлімінің басшысы:                                                     И.Б. Еспағанбетов

 

 

Дата публикации
24 апреля 2026