
Бүгінгі таңда Мәртөк ауданының жалпы 32 елді мекенінің 14-і (43,8%) газдандырылды, онда 25 514 адам (86,2%) тұрады. Қазіргі таңда, келесідей нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталуда:
- «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хазірет ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу» (мердігер – «Алихан ойл З» ЖШС, ұзындығы – 47,8 км);
- «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Шевченко, Қызылжар, Бөрте ауылдарын газдандыру» (мердігер – «Ерзат» ӨК, ұзындығы – 74 км);
- «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Ақмоласай, Байнассай ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (мердігер «Ерзат» ӨК, ) ұзындығы – 53,9 км). Сонымен бірге, «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Аққайың ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (ұзындығы – 18,2 км) Мердігер мекемені анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, келесідей нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды:
- «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Полтавка ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (ұзындығы – 24,3 км);
- «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Покровка ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу» (ұзындығы – 17,5 км).
Жобаларды іске асыру мақсатында Республикалық бюджеттік комиссияға бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.
Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бөлек тізім бойынша тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың есебін жүргізеді:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға беріледі.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы аналардың құқығы бар.