
Аудан бойынша дене шынықтыру ұжымдары саны – 128. Соның ішінде мектеп саны – 27, кәсіптік колледж - 1, балалар жасөспірімдер спорт мектебі -1, балалар жасөспірімдер үшін «Ақтөбе» ФК филиалы, Балалар шығармашылық орталығы - 2, мекемелер мен ұжымдар саны-97.
Аудан бойынша спортпен жүйелі айналысқандар саны 2024 жылда 13800 адам. Бұл – 46,6 % пайыз.
Спорттық құрылғылар:
Ауданда 93 спорттық құрылғылар бар, оның ішінде: 6 дене шынықтыру-сауқтыру спорт кешені, 1 бассейн, 1 стадион, 1 хоккей корты, 42 спортзал, 9 икемдірілген спортзал, 33 спорттық алаңдар бар. 2024 жылы 3 спортзал қосылды, олар Қаратоғай ауылындағы спорттық кешендегі 2 спортзал, Байторысай ауылында демеушілік көмекпен 2023 жылы басталып, биылғы жылы ангарлық үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Демеуші Орынбор қаласындағы «Руссоль» ОО директоры Байторысай орта мектебінің түлегі Черный Сергей Васильевич. Аталған спорттық құрылғыларда жыл сайын ағымдағы жөндеулерден өтіп, аудан халқы бос уақыттарында спортпен жүйелі түрде шұғылданып отырады. Спорттық секцияларда бекітілген кестеге сәйкес мектеп оқушылары, ауыл жастары, тұрғындары спортпен айналысады. Ауданда 2025 жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге қаражатқа Мәртөк ауданының 10 мектебіне: Хлебодар, Қаратаусай, Жайсан, Родниковка, Байторысай, Саржансай, Полтавка, №1 Мәртөк, №3 Мәртөк орта мектептерінде және №2 Мәртөк мектеп гимназиясына жасанды төсенішпен спорт алаңы салыну жоспарлануда. Бір спорт алаңының құны 10 млн теңге.
Спортпен шұғылданушылар:
Аудан бойынша 104 дене тәрбиесі мұғалімі бар, оның 79 мұғалім немесе 76 % пайызы жоғарғы білімді, 25 мұғалім немесе 24 % пайызы арнаулы орта білімді. Мектептерде 28 спорт нұсқаушы бар. Жалпы 27 мектепте 5438 оқушы бар. Спортпен айналысатын оқушылар саны 3340 адам. Бұл - 61,4 % пайыз.
Мәртөк балалар-жасөспірім спорт мектебінде 73 топта 905 оқушы оқиды. Оның ішінде қазақ күресі, еркін күрес, тоғызқұмалақ, волейбол, дзюдо, полиатлон, бокс, кикбокс, биатлон, гір спорты, үстел теннис, футбол, жүзу спорты, аударыспақ 14 спорт түрлерінен 38 жаттықтырушы, оның ішінде 26 штаттық, 12 штаттық емес жаттықтырушы жұмыс жасайды. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінде бөлім басшысы және бас маманда дене шынықтыру және спорт мамандығы жоқ. Және аудан орталығы «Қайрат» стадионы директоры мен Мәртөк БЖСМ шаруашылық бойынша орынбасары дене шынықтыру және спорт мамандығы жоқ.
Ауданда 2024 жылы 135 спорттық іс-шара өткізілді, 25268 адам қатысты. Ай сайын орташа есеппен 11 іс-шара өтеді, оған 2000-нан астам адам қатысады.
2024 жылдың ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелер қарсаңында аудандық спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар кең көлемде өткізілген спорттық шараларды атап өтсек, 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне арналған Сарыжар ауылында ұлттық спорт түрлерінен жаппай кокпар, аударыспақ, бәйге, қазақ күресі, қой көтеру, гір көтеру, арқан тарту спорт түрлерінен ашық аудандық жарыс өтті. Барлық спорт түрлерінен 100-ден аса спортшы қатысты. 30 тамыз Конституция күніне арналған жаппай көкпар, аударыспақтан ашық аудандық жарыс өтті. Оған 60-қа жуық спортшы Ақтөбе, Шұбар, Мәртөк, Байғанин, Алға, Мұғалжар, Шалқар аудандарынан спортшылар қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, демеушілердің көмегімен қаржылай марапатталды. Демеуші Казхром АҚ кампаниясы. Қазақ күресінен «Мәртөк ауданы әкімінің жүлдесі», «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы, футболдан аудандық чемпионат, Аудандық «Ақ бидай» спартакиадасы, «Марафон -2024» және т.б.
Ауданымыздың спортшы балалары мен жастары, ардагерлері белсенді түрде аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысуда. Мәртөк БЖСМ оқушысы Чашкова Ангелина Хромтау қаласында 04-09 қаңтар күні волейболдан қыздар арасындағы ҚР чемпионатына қатысып, І орынға ие болды. Мәртөк БЖСМ түлегі Хасенов Ильяс Корея елінде өткен биатлоннан Қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. 4-7 наурыз күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен мемлекеттік қызметшілері арасында 7 спорт түрінен облыстық спартакиада өтіп, Мәртөк ауданы жалпы командалық есепте 3 орын иеленді. Наурыз айында облыстық Қысқы Президенттік тестілеуінде Мәртөк ауданы құрама командасы жалпы командалық есепте І орын иеленді. Сәуір айында Жазғы Президенттік көпсайыстан облыстық чемпионатта аудан құрамасы жалпы командалық есепте ІІ орын алды. Маусым айында облыстық Жазғы Президенттік тестілеуінде Мәртөк ауданы құрама командасы жалпы командалық есепте ІІ орын иеленді. Наурыз айында облыстық Қысқы Президенттік тестілеуінде Мәртөк ауданы құрама командасы жалпы командалық есепте І орын иеленді. 07-10.05.2024 жылы Алматы қаласы комбат дзю дзюцудан ҚР чемпионаты Бекарыс Оңғарбаев І орын алды. Маусым айында облыстық Жазғы Президенттік тестілеуінде Мәртөк ауданы құрама командасы жалпы командалық есепте ІІ орын иеленді. 28-30.06.2024 жылы 17 жасқа дейін еркін күрестен ауыл спортшылары арасында ҚР кубогында Д. Төреғали І орын, А. Жунусова ІІІ орын иеленді. Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен белбеу күресінен әлем чемпионатында Бөкенбай қызы Сұлушаш 3 жүлделі орын иеленді.
Жалпы республикалық, облыстық жарыстарда аудан спортшылары 70-тен астам І орын, 70-ке жуық ІІ орын, 80-ге астам ІІІ орын иеленді.