Кәсіпкерлік бөлімінің 2024 жылғы 10 айда атқарған жұмыстары туралы
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2024 жылдың 1 қараша жағдайына 2145 бірлік ,оның ішінде: ЗТ-163, ЖК-1086, ШҚ-896.
2024 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 2361 бірлікке дейін ұлғайту жоспарланған.
ИНВЕСТИЦИЯ
2024 жылдың жоспары бойынша Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 27,7 млрд.тг.
2024 жылы жалпы сомасы 15 410,0 млн теңгеге 11 кәсіпкерлік және 7 ауыл шаруашылық объектісін пайдалануға беру жоспарлануда. Есепті кезеңде инвестиция көлемі 12 877,9 млн. теңгені немесе 52,8 % құрады ( бюджеттік қаражаты -6408,1 млн.тг (49,7%); меншікті қаражат -5057,1 млн.тг (39,3 %), кредит -1412,6 млн.тг (11%).
ӨНЕРКӘСІП
Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10740,7 млн.теңгені немесе 103,3 % құрады (тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 4596,5 млн. теңге немесе 103,9%, өңдеу 5316,3 млн. теңге немесе 101,1%)
Бөлшек сауда мен көтерме сауда
Жалпы аудан бойынша көтерме сауда көлемі бойынша 5695,3 млн.тг. нақты көлем индексі 113 % .
Бөлшек сауда көлемі бойынша 7524,1 млн.тг нақты көлем индексі 120,7 %.
Жыл басынан сауда саласында 3 жаңа ңысан іске қосылды (Жайсан с/о- кафе «Узакбаева Ж.», Мәртөк с/о- минимаркет «Жумагалиев Н.», Сарыжар с/о – дүкен «Каржаубаев М»).
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 22 жоба (734,3 млн. тг.) мақұлданды.
*** Анықтама:
- 448,3 млн. теңге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 13 жоба;
-286,0 млн. теңге кепілдік беру 9 жоба;
ТУРИЗМ
Бүгінгі күні Мәртөк ауданында туризм «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жол бойындағы сервис объектілерімен ұсынылған.
Мәртөк ауданы бойынша қазіргі таңда 23 жол бойы қызмет көрсету сервисі жұмыс істеп тұр. Жұмыс жасап тұрған жол бойы қызмет көрсету сервистерінің 5 қонақ үй, дүкендер, монша, автотұрақ, техникалық қызмет, қоғамдық тамақтану орталықтары бар «С» категориясына кіретін кемпингтер. «Д» категориясына кіретін 13 жанар жағар май және газ құю бекеттері бар. Және осы жол бойында 5 кафе орналасқан.
Қазіргі таңда «Кудайбергенов Д.» ЖК «В» санатындағы кемпинг, инвестиция көлемі 150 млн тенге (Жайсан а/о) кұрылысын бастады және ТОО «Zig Development» жер участкісін алып (Сарыжар с/о) келесі жылы кұрылысын бастайды .
Ақтөбе қаласының туроператоры («Жубан Тревел» ЖК) және жергілікті тур оператор (ЖК «Батыс») Мәртөк ауданының көрікті жерлеріне бір күндік турлар ұйымдастырды, құны 9000 - 10000 теңге. Бұл турлардың мақсаты Ақтөбе облысының тұрғындары мен конақтарын ауданның көрікті жерлерімен таныстыру және экотуризмін дамыту.
2021 ж. тур болган жоқ (пандемия), 2022 ж. - 1000 адам, 2023 ж - 1900-2000 адам , 2024 жылы 10 айда – шамамен 940 адам тур бойынша келді.
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ
Апта сайын ауданның елді-мекендеріндегі дүкендердегі негізгі азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі жүргізіледі.
2023 жылдан бастап нан бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы басқармасынан айына 10 т. 1 (бірінші) сұрыпты ұнымен «Гончарюк» ЖК қамтамасыз етіп нан бағасын 100 тг. жіберіп жатыр.
Азық-түліктің соңғы құнын рұқсат етілген 10-15% асырмау мақсатында меморандумдар жасасу бойынша жұмыстары ағымдағы жылдың 1 тоқсан айында жүргізілді.
Жыл басынан ауданда 38 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 35,8 мың теңгеге өнім сатылды.


