Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректерін ескере отырып, халыққа атаулы әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру мәселесі талқыланды.
Алдағы өзгерістерге байланысты өңір басшысы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева хабарлағандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа қағидатына көшуге дайындалып жатыр. Оның негізгі қағидасы – «алдымен — қажеттілік, содан кейін — мақсатты көмек».
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен төленетін жекелеген әлеуметтік төлемдер отбасының мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады. Ол «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы анықталады.
«Жүйе отбасылардың жағдайын 70-тен астам критерий бойынша бағалайды. Олардың қатарында табыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үйінің болуы, жер учаскелері мен көлік құралдарының бар-жоғы, кәсіпкерлікпен айналысуы, мал саны және басқа да көрсеткіштер бар. Бағалау нәтижесінде отбасылар әл-ауқаты жоғары деңгейден бастап экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға дейін бес санатқа бөлінеді. «А» және «В» санатындағы отбасылар негізінен өздерін дербес қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар отбасыларға жатқызылады. Ал «С», «D» және «Е» санатындағы отбасыларға мемлекеттік қолдау толық көлемде сақталады», – деп нақтылады Ләззат Уразбаева.
2027 жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлемнің 14 түрі тағайындалмайды. Олардың қатарында бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне төленетін төлем, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған төлемдер, III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға берілетін төлемдер, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жекелеген санаттағы азаматтарға және I топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын тұлғаларға арналған төлемдер бар.
Өзгерістер қазіргі уақытта әлеуметтік төлем алып отырған азаматтарға да, алдағы уақытта төлем тағайындауға өтініш білдіретін азаматтарға да қатысты болады.
Отбасыларды «А» және «В» санаттарына жатқызудың негізділігін тексеру мақсатында 29 195 азамат арасында сауалнама жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша 3 937 адам «А» санатына, ал 25 258 адам «В» санатына жатқызылған. 27 298 жағдайда, яғни жалпы санның 93,5 пайызында, бағалау нәтижелері расталған. Ал 1 897 жағдайда (6,5 пайыз) растау алынбаған. Сауалнама нәтижелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған.
Баяндамашының айтуынша, қазіргі уақытта жүйе банктердің және басқа да мемлекеттік органдардың дерекқорларымен ықпалдастырылып жатыр. Осыған байланысты аталған санаттарға жатқызылған отбасылардың саны өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар eGov порталында азаматтарға өз отбасының санатын алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін арнайы калькулятор қолжетімді.
Талқылауды қорытындылаған Асхат Шахаров алдағы өзгерістердің себептері мен тәртібін халыққа түсінікті тілде жеткізудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, отбасының табыс деңгейіне байланысты төлемдердің тоқтатылуы нақты әрі түсінікті түсіндіру жұмыстарымен қатар жүруі керек. Әрбір азамат өз отбасының неліктен белгілі бір санатқа жатқызылғаны туралы нақты әрі негізделген жауап алуы тиіс. Бағалау кезінде жүйеде көзделген барлық көрсеткіштер, соның ішінде мүлік, табыс және жұмыспен қамту деңгейі ескерілуі қажет.
Өңір басшысы жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және халықпен кездесулер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Түсіндіру жұмыстары жұмыспен қамту бөлімдерімен бірлесіп жүргізіліп, тұрғындармен кері байланыс қамтамасыз етілуі тиіс.
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Тәңірберген және Сарыжар ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, Кеңсахара, Саржансай және Сарыжар ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты.
Сапар барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын аралап, жаңа тұрғын үйлер мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жай-күйін көрді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығына, шаруа қожалығы мен наубайханаға барды.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.
Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.
⚜️Мәртөк ауданында Ұстаздар күніне орай білім саласы қызметкерлеріне арналған мерекелік шара өтті.
🔸Шара аясында ұстаздардың кәсіби ізденісі мен заманауи білім беру бағытындағы жетістіктерін танытқан «Ұстаз – жаңашылдықтың жаршысы» атты көрме ұйымдастырылды.
▫️Көрмеге барлығы 20 жоба ұсынылды. Оның ішінде 10 ғылыми жоба, 5 робототехника жобасы және жасанды интеллект пен интерактивті технологияларға негізделген 5 жоба ұсынылды.
🔸Салтанатты жиынға Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов қатысып, ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар білім саласының бірқатар үздік қызметкерлерін марапаттады.
▫️Мерекелік шара барысында аудан өнерпаздары мен оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен жыр арқылы ұстаз еңбегіне құрмет көрсетілді.
Барша ұстаздар қауымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістік және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданына қарасты Жайсаң ауылында ұзақ жыл бос тұрған ғимарат қайта жаңғыртылып, балабақша ретінде пайдалануға берілді.
Жеке кәсіпкер Гүлжанат Тасмағамбетова 14 жылдан бері бала психологі болып жұмыс істейді. Балалармен жұмыс істеудегі көп жылғы тәжірибесі оны жеке кәсіп ашуға жетелеген.
Кәсіпкер өз қаражатына бұрынғы кеңшар ғимаратын толық жөндеуден өткізіп, айналасын абаттандырып, мектепке дейінгі ұйымға бейімдеген.
«Айлин» балабақшасы - Жайсаң ауылында ашылған алғашқы жекеменшік мектепке дейінгі ұйым. Екі қабатты ғимарат қолданыстағы талаптарға сай жабдықталған. Мұнда балалардың білім алып, тәрбиеленуіне қажетті жағдай жасалған. Акт залы, педагог-психолог және педагог-дефектолог кабинеттері, тұзды шахта, медициналық кабинет бар.
Қазір балабақшада үш топта 60 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Балабақшаның ашылу салтанатына Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысанның іске қосылуымен құттықтады.
«Ауылдағы әлеуметтік нысандардың көбеюі тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, балалардың мектепке дейінгі тәрбиесі мен біліміне жағдай жасау маңызды. Жаңа балабақша ата-аналар үшін қосымша мүмкіндік ұсынып, балалардың сапалы тәрбие мен білім алуына жағдай жасайды», - деді аудан әкімі.
Жайсаң ауылында 791 аула бар, 3100-ден астам адам тұрады. Бұған дейін ауылда бір мемлекеттік балабақша жұмыс істеп келген.
Сарыжар ауданының әкімі Ерлан Берікұлы Түкібаев азаматтардың жеке қабылдауын үнемі өткізіп тұрады.
Ауыл тұрғындары түрлі мәселелер бойынша өтініш білдіріп, негізінен "Ауыл Аманаты"бағдарламасы аясында несие алу критерийлеріне қызығушылық танытты.
Қыркүйек айында ауылдық округ басшысының қабылдауына 4 адам келді.
Айта кету керек, ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесіне сәйкес аптасына екі рет алдын ала жазылу бойынша немесе онсыз жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі.
Алдын ала жазылуды Сарыжар ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсесі жүргізеді
(Сарыжар ауылы, Жеңіс көшесі, №9, тел. 8(71331)-33-178).
Заманауи орталық жүк және арнайы техникаға қызмет көрсетеді. Инвестиция көлемі 3,5 млрд теңге. Нәтижесінде 70 жаңа жұмыс орны ашылады.
Сервис орталығы қаланың Оңтүстік айналма жолы бойында. Жоспар бойынша мұнда жылына 5 мыңға дейін қызмет көрсету операциясын орындау мүмкіндігі қарастырылған.
Жоба бастамашысының мәліметінше, орталық Қазақстандағы осындай форматтағы алғашқы нысан болмақ.
Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов жобаның іске асырылу барысымен танысты. Ол құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнесті қолдау — біздің басты міндеттеріміздің бірі. Сондықтан жұмысты тоқтатпай, жобаны белгіленген мерзімде соңына дейін жеткізу маңызды», — деді Абзал Әбдікәрімов.
Ақтөбе облысында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлік жобалардың өндірістік қуаты артып, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр.
Ақтөбе облысында кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау нақты жобалардың іске қосылып, өндіріс көлемін ұлғайтуына және жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік беріп отыр. Э
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланып отырған «Aktobe Med Service» ЖШС-нің «ERKEMED» медициналық орталығы мен «Euro Plast Company» ЖШС-нің пластикалық конструкциялар өндіретін цехына барды.
432 млн теңге инвестицияланған «ERKEMED» медициналық орталығы субсидиялау және кепілдендіру тетіктері арқылы мемлекеттік қолдау алған. Қазіргі таңда медициналық орталық тұрғындарға сұранысқа ие қызметтер көрсетіп, заманауи медициналық көмек ұсынуда.
Ал «Euro Plast Company» ЖШС пластикалық конструкциялар өндіретін цехын дамытуға 180 млн теңге инвестициялаған. Кәсіпорын 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында мемлекеттік қолдау шараларына ие болған.
Жұмыс сапары кезінде кәсіпкерлер өндірістік қуаттылықтары, өнім көлемі, құрылған жұмыс орындары және алдағы даму жоспарлары туралы баяндады.
«Мемлекеттік қолдаудың негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге дайын жоба ұсынумен ғана шектелмей, өндірісті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрақты бизнесті дамытуға мүмкіндік беру. Бүгінде қолдау алған жобалардың нәтижесін нақты жұмыс істеп тұрған нысандардан көріп отырмыз», – деді Досжан Әлібеков.
Соңғы үш жылда Ақтөбе облысында 4 497 жоба мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Осы жобаларды іске асыруға 41,7 млрд теңге бағытталды.
Кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыс биыл да жалғасуда. 2026 жылы «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында білім беру, денсаулық сақтау, жүк тасымалы және қызмет көрсету салаларындағы жобаларды жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді.
Өңірде мемлекеттік қолдау құралдарын қолжетімді ету және олардың тиімділігін арттыру арқылы жаңа кәсіпкерлік жобаларды іске қосу, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және шағын әрі орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру жұмыстары жалғасады.
В Казахстане меняется порядок предоставления арендного жилья в сельских населённых пунктах. С 31 августа граждане, состоящие на учёте нуждающихся в жилье, смогут самостоятельно выбирать подходящее арендное жильё в пределах своего района и подавать заявление на его получение.
Речь идёт о жилье, построенном или приобретённом местными исполнительными органами за счёт средств государственного бюджета.
Первый приём заявлений по новому механизму пройдёт с 1 по 7 сентября 2026 года на портале baspana.otbasybank.kz. Подать заявку смогут граждане, состоящие на учёте нуждающихся в жилье в соответствующем районе. Для подачи заявления потребуется действующая электронная цифровая подпись.
После завершения приёма заявлений Отбасы банк сформирует список получателей. При распределении жилья будут учитываться дата постановки на учёт в очереди, уровень дохода семьи за последние шесть месяцев, состав семьи и социальный статус заявителя.
При этом правила предусматривают приоритет для отдельных категорий граждан. Не менее 20% государственного жилья будет распределяться среди детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. Не менее 50% предусмотрено для отдельных социально уязвимых категорий граждан.
Ещё одно изменение касается условии по определению жилья предоставляемых очередникам. Эта норма начнёт действовать с 14 сентября 2026 года. При определении комнатности жилья будет учитываться состав семьи. В частности, предусмотрены требования по предоставлению отдельных комнат супругам и родителям, а также разнополым детям.
В дальнейшем такой порядок будет применяться на постоянной основе — при появлении доступного арендного жилья в сельских населённых пунктах соответствующего района.
Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Ақсай ауылында 258-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті шамамен 800 тұрғыны бар Ақсай және Бірлік елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен құрылып, қызмет атқаруға қажетті жағдайлар жасалды. Нысан төрт даярланған қызметкермен жасақталған. Жедел ден қою үшін ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистерналары, арнайы киім және байланыс құралдары берілді.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін арттырып, өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.