Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы, өнімдер
  1. «Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі Сарыжар ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне,өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарда шоттары болады.
  4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделген шешім мен өкімдер қабылдайды.
  7. Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
  8. Заңды тұлғаның мекенжайы:030614, Қазақстан Республикасы,Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылы,Жеңіс көшесі №9
  9. Заңды тұлғаның толық атауы: «Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  10. Ауылдықокруг әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  11. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен және жергілікті өзін-өзі басқару қорларының қаражаты есебіненсақталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  12. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
  13. Міндеттер: Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық -құқықтық, материалдық- техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергіліктімаңызы бар мәселелерді шешу.
  14. Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзіреті шегінде: жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйтұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  15. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде: мемлекеттік органдармен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару органдарының , мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға, шарттар,келісімдер жасасуға , Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
  16. Әкім аппаратының өз құзіреті шегіндегі міндеттері: қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан,ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
  17. Әкімнің аппаратын әкім басқарады.
  18. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
  19. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
  20. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
  21. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқаруқұқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  22. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жатады.
  23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.
  24. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы