Мемлекеттік қызмет – бұл адамдардың өмірі үшін әлеуметтік маңызы бар көмек.

Мемлекеттік қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке орындалатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе қаржылық емес игіліктер беруге бағытталған жеке мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру объектілерінің бірі.

Мемлекеттік қызмет адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартады.

Мемлекеттік қызмет көрсету арқылы мемлекет халықтың мүддесі үшін әрекет етеді.

Мемлекеттік қызметтердің көпшілігі автоматтандырылған, бұл қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты жеңілдетеді, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық әлеуетін азайтады. Мемлекеттік қызметті «EGOV» арқылы онлайн режимінде жеке кабинеттен өту арқылы азаматтар өз мәселелерінің кезекте шешілуін күтпей, уақыттарын үнемдейді.

«Мәртүк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару». «Елді мекеннің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру». «Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату».

Дата публикации
02 июля 2025