«АУЫЛ АМАНАТЫ» – КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК
Ақтөбе қаласындағы «Табыс» базарында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушысы, Құрмансаи ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Гүлмира Спанова құс еті мен сүт өнімдерін тұрғындарға ұсынды.
Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашылығын дамыту және сүт өнімдерін өндіру бағыттары боиынша жалпы сомасы 2 590 000 теңге көлемінде несие алды. Қаржыландыру жылдық 2,5%-дан аспаитын сыиақы мөлшерлемесімен 5 жылға деиінгі мерзімге берілген.
Бүгінде кәсіпкер өз өнімдерін аудан және облыс тұрғындарына ұсынып, кәсібін дамытып келеді. Бұл – ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың және жергілікті өнім өндіруді дамытудың нақты үлгісі.
«ЭКСПОИНЖИНИРИНГ» ЖШС ДЕМЕУШІЛІГІМЕН АУЫЛ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНАДЫ
Құрмансаи ауылында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды жоба жүзеге асырылмақ.
«ЭКСПОИНЖИНИРИНГ» ЖШС-нің демеушілігімен ауыл құтқарушыларына арналған өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталады. Аталған жобаны іске асыру боиынша үшжақты келісімшартқа қол қоиылды.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдаилар министрлігінің бастамасымен шалғаи елді мекендердің өрт қауіпсіздігін күшеиту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жоба. Бағдарламаның негізгі мақсаты — кәсіби өрт сөндіру бөлімдерінен қашық орналасқан ауылдық елді мекендерде төтенше жағдаиларға жедел ден қою мүмкіндігін арттыру.
Құрмансаи ауылында осындаи бекеттің ашылуы өрт және басқа да төтенше жағдаилар кезінде алғашқы жедел көмек көрсетуге, әрекет ету уақытын қысқартуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстарын жергілікті мердігер
А. Уақбаев жүргізетін болады. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына деиін аяқтау жоспарлануда.
Аталған жоба — ауылдың қауіпсіздік инфрақұрылымын нығаитуға бағытталған маңызды қадам.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП КЕПІЛІ
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Құрмансай және Егізата ауылдарында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында ауыл көшелері мен елді мекендер маңындағы бөгеттер қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру қағидаларының орындалуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды.
Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Туған жеріміздің көркеюі әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.
Тазалықты сақтау – ортақ міндет, туған жерге деген құрмет!
Еңбек адамдары – елге өнеге
Халықаралық қарттар күні қарсаңында ауылдық округ әкімдігі аппаратының маманы мен клуб меңгерушісі ауылымыздың ардақты еңбек адамдары, зейнеткер қариялардың шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады.
Қариялар саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнап, ел игілігі жолында ұзақ жылдар еңбек еткен.
Суханова Валентина Самуиловна 1955 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1974 жылы агроном болып бастап, кейін Междуреченский совхозында сауыншы және есепші қызметтерін атқарып, осы жерден зейнеткерлікке шыққан.
Шульц Ирина Ивановна 1954 жылы дүниеге келген. 18 жасынан Междуреченский совхозында сауыншы болып еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласында 24 жыл қызмет атқарған.
Қариялардың еңбек жолы – ауыл тарихының ажырамас бөлігі әрі кейінгі ұрпаққа өнеге. Ардақты жандарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!
Еңбек адамын құрметтеу – еңбекті құрметтеу!
🌿 «Таза Қазақстан» – ортақ іске үлес!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Мәртөк–Құрмансай ауылдары бағытындағы автомобиль жолының жиегін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Шараға ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері қатысып, нәтижесінде 0,5 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылды.
Сонымен қатар, елді мекен аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Ауылымыздың көркі мен тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамай, өз ауламыз бен қоғамдық орындардың тазалығына ұқыпты қарайық.
🌿Таза ауыл – жайлы орта. Тазалықты сақтау әрқайсымыздан басталады!
АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Егізата, Шанды және Құрмансай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, абаттандыру, жол және басқа да тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, бірқатар мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.
Медет Ысқақов:
«Тұрғындармен ашық әрі тікелей диалог – елді мекендердің мәселелерін тиімді шешудің маңызды тетігі. Әрбір ұсыныс пен өтініш назардан тыс қалмайды», – деді.
Таза ауыл - ортақ міндет
2026 жылғы 12 қыркүйек пен 14 қараша аралығында ауылдық округ аумағында санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылады.
Құрмансай ауылында сенбілік өткізіліп, ауыл аумағын тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында балалар ойын алаңы мен ауыл көшелері қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, елді мекен аумағында санитарлық тазалық бойынша рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында аумақтардың санитарлық жағдайы, абаттандыру қағидаларының сақталуы бақылауға алынды.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылды.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын өз ауласы мен ауыл аумағының тазалығына жауапкершілікпен қарап, абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамыз.
Таза ауыл – жайлы орта, көрікті мекен!
Құрмансай ауылында абаттандыру жұмыстары жүргізілді
Құрмансай ауылында ауыл ішіндегі көшелердің бойында өсіп кеткен арамшөптерді шабу және елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға СПК "Нұрлан-Қаракөз" тарапынан демеушілік көмек көрсетіліп, арнайы техника бөлінді. Демеушілік қолдаудың арқасында ауыл ішіндегі көше бойларында, қоғамдық орындарға жақын аумақтарда және арамшөп басқан жерлерде шөп шабу жұмыстары ұйымдастырылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл аумағы тазартылып, көшелердің көркі жақсарып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптасты.
🎨 ӨНЕРДІҢ ӨРЕНІ — ТУҒАН ЖЕРІНДЕ
Құрмансай ауылында Шаңды ауылының тумасы, Қазақстанның белгілі суретшісі-графигі, экслибрист, өнертанушы, профессор Мәрзия Жұмашқызы Жақсығаринамен тағылымды кездесу өтті.
Мәрзия Жұмашқызы — қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, графика мен экслибрис өнерінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан талантты жерлесіміз. Ол 1961 жылы 1 сәуірде Шаңды ауылында дүниеге келген. Бүгінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры.
🎨 Құрмансай ауылындағы кездесуде өнер иесі өзінің шығармашылық жолы мен өнердегі ізденістері туралы әңгімелеп, көрермендерге бірегей туындыларын таныстырды. Ауыл тұрғындары суретшінің еңбектерімен танысып, шығармаларының мазмұны мен ерекшеліктері жайында сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Мәрзия Жұмашқызының шығармалары халықаралық көрмелерде таныстырылып, өнер әлемінде жоғары бағасын алған. Туған жерден түлеп ұшып, биік белестерді бағындырған жерлесіміздің шығармашылық жолы — кейінгі ұрпаққа үлгі, ауылдастары үшін үлкен мақтаныш.
Құрмансай ауылының төрінде өткен тағылымды жүздесу — өнер мен туған жер арасындағы рухани байланыстың жарқын көрінісі.
Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов ауыл тұрғындарына округке жаңадан тағайындалған учаскелік полиция инспекторын таныстырды.Аталған лауазымға Постовой Юрий Борисович тағайындалды. Юрий Постовой 1979 жылы Мәртөк ауданында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 24 жылдан астам еңбек өтілі бар. Бұған дейін Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған.Округ әкімі жаңа қызмет иесіне сәттілік тілеп, алдағы бірлесе атқаратын жұмыс бағыттары мен негізгі міндеттерді атап өтті.📌 «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтау бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, талаптар орындалмаған жағдайда заң аясында ескерту шараларын қолдану;
📌 Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе тұрғылықты жері бойынша уақытылы тіркелмеген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құжаттарын рәсімдеуге ықпал ету;
📌 Шаруашылық иелеріне жұмысшыларды заңды түрде, келісімшарт негізінде жұмысқа алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
📌 Шөп шабу науқаны кезеңінде техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау, дала өрттерінің алдын алу және шөпті екі тіркемемен тасымалдауға жол бермеу;
📌 Көлік құралдарын (ауыл шаруашылығы техникалары, ауыр, жеңіл автокөлік, мотоцикл, мопед) жүргізу куәлігінсіз және тиісті құжаттарсыз басқару фактілерінің алдын алу;
📌 Қараусыз малдың жайылуына жол бермеу, мал иелеріне тиісті талаптарды түсіндіру және бақылау.
📌 Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізу (түнгі уақытта балалардың көшеде жүруіне жол бермеу, рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылудың алдын алу);
📌 Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауылдық клуб меңгерушісімен бірлесіп ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру.