GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Все материалы
09 октября 2026
АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

⚜️Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

🔸Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй алу кезегі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін алу және басқа да мәселелер бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

🔻Қабылдауға барлығы 11 тұрғын қатысты.

📌Әрбір өтініш мұқият қаралып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды.

▫️Аудан басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 

▫️Алдын-ала жазылуды Мәртөк ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі (Мәртөк а., С.Сейфуллин көшесі, 36 тел. 8(71331)-21-9-14) жүргізеді.    

08 октября 2026
АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, ауданның өзекті мәселелері қаралды.

Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасының орындалуы, жылыту маусымына дайындық, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау, әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелер және «Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асырылуы талқыланды.

✅️«Ауыл аманаты»
2026 жылға аудан бойынша 49 жобаға 463,1 млн теңге жоспарланған. Бүгінде 242,1 млн теңге немесе 52,2% игерілді.
Аудан әкімі қаражатты игеру қарқынын арттырып, жобаларды сапалы әрі уақтылы іске асыруды тапсырды.

♻️Жылыту маусымы және қысқы жол күтімі
Ауданда 91 әлеуметтік нысан бар. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына қажетті отын қоры дайындалған.
Аудан басшысы қазандықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, газға қосылмаған әлеуметтік нысандар бойынша нақты ұсыныстар енгізуді және қысқы жол күтіміне жауапты мердігерлердің техника дайындығын тексеруді тапсырды.

⁉️Тұрғындар мәселесі
«Еркін сұхбат» Telegram чатында 2460 тұрғын тіркелген. Жыл басынан бері 1000-нан астам мәселе көтерілген.
Нұржан Мақсатов тұрғындардың өтініштеріне, әсіресе су, жарық, газ, жол және коммуналдық мәселелерге жедел жауап беруді тапсырды.

🌱«Таза Қазақстан»
Жоба аясында 4 сенбілік өткізіліп, 2371 адам қатысты. 118 көше, 13 саябақ пен сквер тазартылып, 125,4 тонна қоқыс шығарылды. Аудан бойынша 2520 ағаш көшеті отырғызылды.

Аудан әкімі анықталған қоқыс орындарын жоюды, отырғызылған көшеттердің күтіміне жауаптыларды бекітуді және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.

Мәртөк ауылында көшелерді мекемелерге бекітіп, санитарлық тазалықты күшейту, сыртқы жарнамаларды ретке келтіру және «Үлгілі мекеме – үлгілі аула» бағытын қалыптастыру бойынша міндеттер қойылды.

02 октября 2026
❗️Дауылды ескерту

3–5 қазан аралығында Ақтөбе облысында ауа райы күрт өзгереді.

🌧️❄️ 3–4 қазанда жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

💨 Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін күшейеді.

🌡️ Ауа температурасы төмендейді: түнде 0–7° жылы, кей жерлерде 2–5° аязға дейін.

🏙️ Ақтөбе қаласында 3–4 қазанда жаңбыр, қар және 15–20 м/с жел күтіледі.

⚠️ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Әлеуметтік қолдау
02 октября 2026
Ауылдық округ әкімі қарттарды мерекемен құттықтады.
Ауылдық округ әкімі Р.К.Ерімбетов қарттарды даналық, рухани жомарттық және терең құрмет мерекесі — Қарттар күнімен құттықтады!
14 мая 2026
Ауыл әкімі шаруа қожалық басшыларымен кездесу өткізді.

Ауыл әкімі Р.Еримбетов ауылдық округте орналасқан шаруа қожалық басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында малды қараусыз қалдырмау, ұрлықтың алдын-алу бойынша мәселелер қаралды.

14 мая 2026
9 мамыр "Жеңіс күні"

9 мамыр - жеңіс күніне орай ескерткіш алаңында гүл шоғын қою рәсімі өтті. Іс-шара барысында соғыс жылдарында ел үшін жанын қиған батырлар рухына тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды.
Шара соныңда оқушылардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Отан, ерлік және бейбіт өмір т уралы әндер орындалды.

13 апреля 2026
Мал суару бөгеті

"Ақжан-ПГС" ЖШС демеушілігімен ауылдық округтің шығыс бөлігінің мал бағымына мал суару бөгеті орнатылды. 

12 марта 2026
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Мәртөк аудан әкімі М.Ысқақов әйелдерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

09 января 2026
Ауыл көшелерін қардан тазалау жұмыстары

Ауыл көшелерін қардан тазалау жұмыстары жүргізілді

25 декабря 2025
"Күміс алқа" наградасын табыстау

Қаратоғай ауылының әкімі Р. Ерімбетов көп балалы ана Ж.Дияроваға "Күміс алқа " алқасын табыстады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы