Аққайын орманының аумағында тазалық жұмыстары
Аққайын орманының аумағында қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жиналған қоқыстар арнайы қаптарға салынып, көлікке тиелді.
Орманды таза ұстау – табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Туған жеріміздің табиғатын аялау, қоршаған ортаны ластамау және тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет.
❄️КУННІҢ, САЛКЫНДАУЫ:
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАНЫЗДАР!
Ауа температурасынын төмендеуіне және жылыту маусымы толық басталғанға дейін
көптеген тұрғындар электр жылыту
кұралдарын пайдалануда.
•Өрттін алдын алу ушін:
* тек жарамды, зауытта өндірілген электр
жылыту құралдарын пайдаланыныздар;
* қосулы тұрған электр құралдарын қараусыз қалдырманыздар;
* зақымдалан розеткаларды, ашаларды және
электр сымдарын пайдаланбаныздар;
* бірнеше қуатты электр құралын бір уақытта қосып, электр желісіне шамадан тыс күш
түсірменіздер;
* Жылытқыштардын үстін киіммен және басқа
да заттармен жаппаныздар;
* оларды жихаздан, перделерден және басқа
да жанғыш материалдардан қауіпсіз
қашықтықта орналастырыныздар;
* балаларды косулы тұрған электр кұралдарына жақындатпаныздар.
! Есте сақтаныздар: электр жабдықтарынын
акаулы болуы жене оларды пайдалану
ережелерінін, бұзылуы өртке әкелуі мүмкін.
Өзінізді және жақындарынызды сақтаныздар!
АҚҚАЙЫҢ ЖӘНЕ ҚАРАТАУСАЙ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов Аққайың және Қаратаусай ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ауылішілік және кірме жолдардың жағдайы, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау, қар тазалау жұмыстары, сондай-ақ ұялы телефон байланысының сапасы мен қолжетімділігі мәселелері көтерілді. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу барысы бақылауға алынатын болады.
Бүгін - Мұғалімдер күні. Бұл мереке бастапқыда жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін. 2023 жылы ел Үкіметі аталған мерекенің нақты күнін бекітті. 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстанда да кәсіби мерекені осы күнге бекіту туралы шешім қабылданды.
🌷 Қартаймандар, қарттарым! 🌷
Қарттар күніне орай Қарашай ауылдық округіне қарасты Қаратаусай және Аққайың ауылдарының клуб қызметкерлері бірлесіп, ауылдың ардақты қарттарына арналған мерекелік шара ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың өмірлік өнегесін дәріптеу және үлкенге ізет, кішіге құрмет дәстүрін насихаттау.
Қарашай ауылдық округінің әкімі Жалғас Болатұлы Есбусинов қарттарды мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Мерекелік кеш ән мен биге, көңілді ойындар мен жылы әңгімеге ұласып, ақ дастархан басында жалғасты. Қарттар ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. 💐
Қарияларымыздың ғұмыры ұзақ, дендері сау болып, ұрпақтарының қызығын көріп, ауылымыздың төрінде аман-есен жүре берсін! 🤲🏻❤️
🛡️ Қылмыстан, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану
Қылмыстың кез келген түрі қоғамның қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтарына қауіп төндіреді. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның ар-намысына, денсаулығына және өміріне зиян келтіретін құқық бұзушылық.
Ешбір адам зорлық-зомбылыққа төзуге міндетті емес. Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайға тап болса, үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына немесе тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Уақытылы көрсетілген көмек адам өмірін сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бір-бірімізге жанашырлық танытып, заңды құрметтеп, қауіпсіз әрі бейбіт қоғам құруға бірге үлес қосайық.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.
#ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #ТұрмыстықЗорлықЗомбылық #ҚылмыстыңАлдынАлу #ҚауіпсізОтбасы
🚦 Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі!
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен өзгелердің қауіпсіздігін қорғаудың ең тиімді жолы. Жаяу жүргінші де, жүргізуші де жолда тәртіп пен жауапкершілік танытуы тиіс.
✅ Жылдамдықты асырмаңыз.
✅ Қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағыңыз.
✅ Жаяу жүргіншілер өткелінен ғана өтіңіз.
✅ Көлік жүргізу кезінде телефон қолданбаңыз.
✅ Балаларды арнайы автокреслода тасымалдаңыз.
Қауіпсіз жол – қауіпсіз өмір!
#ЖолҚозғалысыҚауіпсіздігі #ҚауіпсізЖол #ЗаңЖәнеТәртіп #Қазақстан #PoliceKZ
Аққайың және Қаратаусай ауылдарында ауылішілік көшелерді күтіп-ұстау және абаттандыру мақсатында арнайы техника жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар барысында көшелер ретке келтіріліп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету бағытында шаралар атқарылды.
Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі!
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қорғаудың басты кепілі. Жаяу жүргінші өткелін пайдаланып, жылдамдықты асырмай, қауіпсіздік белдігін тағып, жолда әрдайым мұқият болыңыз.
Жол ережесін сақтайық – өмірді қорғайық!
Қарашай ауылдық округіндегі абаттандыру жұмыстарының барысы
Ағымдағы жылы жауын-шашынның мол түсуіне байланысты елді мекен аумағында өсімдіктер мен көктің өсуі ерекше жоғары. Осыған байланысты, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау мақсатында қоғамдық орындарда шөп шабу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Аталған шаралар ауылдың эстетикалық көрінісін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Ауыл аумағын таза ұстау — тек жауапты мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Осыған орай, ауыл тұрғындарын өз аулалары мен іргелес аумақтарындағы өсіп кеткен шөптерді уақытылы орып, тазалық талаптарын сақтауға шақырамыз.