GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
17 сентября 2026
Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Байторысай ауылдық округіне Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды.

Елді мекенді газдандыру мақсатында 13 шақырым газ құбыры тартылып, жобаға  104 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын "GAZ MART" ЖШС жүзеге асырды.

Газ құбырының іске қосылу салтанатына Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев пен Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов қатысты.

01 сентября 2026
"Таза Қазақстан" акциясы

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда! 🌿

Акция аясында ауылдық округ аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Ауылдық округ тұрғындарына аулаларды аралау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тазалықты сақтау, аумақтарды абаттандыру және аулалардың тазалығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға, қоршаған ортаны таза ұстауға және ауылдық округіміздің тазалығы мен көркейтуіне өз үлестерін қосуға шақырамыз!

24 августа 2026
"Таза Қазақстан" акциясы

 "Таза Қазақстан" акциясы.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Байторысай ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау мақсатында тұрғындардың аулаларын аралау жұмыстары жүргізілуде.

Аралау барысында тұрғындар арасында санитарлық нормаларды сақтау, үй іргелес аумақтардың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, сондай-ақ аулалар мен оларға іргелес аумақтарды тиісті жағдайда ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір тұрғынның туған өлкесінің тазалығы мен абаттандырылуына деген жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана елді мекендерімізді таза, жайлы әрі көрікті ете аламыз.

20 июля 2026
Полтавка ауылында газ және балалар алаңын ашу

Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді.

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округіне қарасты Полтавка ауылына табиғи газ берілді. Елді мекенде 99 аула, 316 тұрғын бар.

Газ беру рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысулан Айтбаев және ауыл тұрғындары қатысты.

Бүгінде Ақтөбе облысында халықты табиғи газбен қамту деңгейі 97,5 пайызға жетті. Былтырғы жылдың  қорытындысы бойынша 13 мыңнан астам тұрғыны бар 31 елді мекен көгілдір отынға қосылды.

Полтавка ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 581,4 млн. теңге. Жобаны «Gaz Mart» ЖШС жүзеге асырды.

22 мая 2026
"Таза Казахстан" акциясы

Байторысай ауылдық округінде "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында округ аумағының тазалығын сақтау және абаттандыру мақсатында апта сайын сенбіліктер өткізілуде.

12 мая 2026
ҚТҚ аумағындағы санитарлық тазалау

Байторысай және Полтавка ауылдарында тұрмыстық қатты қалдықтарды санитарлық тазарту жұмыстары.

05 мая 2026
Полтавка ауылында газ құбырын салу

Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округінің Полтавка ауылында газдандыру бойынша жұмыстар толық жүріп жатыр.

05 мая 2026
Зейнетақы жүйесіне қатысты ақпаратты ресми дереккөздерден алыңыз

Зейнетақы жүйесіне қатысты ақпаратты ресми дереккөздерден алыңыз

БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларында зейнетақы жүйесіне қатысты өзекті ақпарат, заңнамадағы өзгерістер мен жинақтардың қалай қалыптасатыны жайлы түсінікті мәліметтер тұрақты түрде ұсынылады.

Мұнда көкейіңіздегі сұрақтарға жауап тауып, тақырыпты кеңірек ұғынуға көмектесетін пайдалы мәліметтермен таныса аласыз

БЖЗҚ Threads платформасында да бар –бұл ақпаратпен жедел әрі ыңғайлы түрде бөлісетін жаңа алаң. Жаңалықтардан қалыс қалмай, ресми ақпаратты тікелей алу үшін біздің аккаунттарға жазылыңыз.

03 апреля 2026
"Таза Қазақстан"

Байторысай ауылдық округіндегі "Таза Қазақстан" акциясы

17 марта 2026
Абайлаңыз жұқа мұз!

Мәртөк ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды көктемгі кезеңде мұзға шығудың аса қауіпті екендігі туралы ескертеді.

Күннің жылынуына байланысты су айдындарындағы мұз жамылғысы қарқынды түрде еріп, өзінің беріктігін жоғалтады. Көктемгі мұз борпылдақ, кеуекті және өте сенімсіз болады, сырт көзге берік болып көрінгенімен, адам салмағын көтере алмайды. Осы кезеңде мұз ойылып кету қаупі айтарлықтай артады, бұл ауыр зардаптарға, тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Әсіресе жағалау маңындағы, көпірлердің жанындағы, ағыс бар жерлер мен еріген қар сулары құятын аумақтар өте қауіпті. Күн сәулесінің әсерінен және ауа температурасының жоғарылауынан мұздың құрылымы әлсіреп, оның беріктігі төмендейді.

Төтенше жағдайлар бөлімі қатаң түрде кеңес береді:

  • көктем мезгілінде мұзға шықпауға;
  • су айдындары арқылы жолды қысқартпауға;
  • балаларды мұз үстіне ересектердің қарауынсыз жібермеуге;
  • қараюы байқалған, борпылдақ немесе үстін су басқан мұздан аулақ болуға.

Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары! Көктемгі мұздың аса қауіпті екенін ұмытпаңыздар. Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қатерге тікпеңіздер.

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы