9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ

9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті қобдалықтар!

Ардақты ардагерлер!

    Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен, Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл – тарих парақтарында мәңгілікке жазылған, жанқияр ерліктің, қайсар рухтың күні. Біз үшін бұл күн – бейбіт өмір мен болашақ ұрпақтың амандығы үшін қан майданда жанын қиған боздақтарды еске алатын қастерлі күн.

   Биыл зұлмат жылдарда ерен ерлік көрсеткен жерлестеріміз – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова мен Иманғали Білтабановтың туғанына 100 жыл толып отыр. Бұл мерейлі шақ Қобда жерінің батырлар мекені екенін тағы бір мәрте айғақтайды.

   Сол бір зұлмат заманда ел мен жер үшін күрескен жауынгерлердің ерлігі – ұрпаққа үлгі, елге аманат. Олардың батырлығы мен табандылығы бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі болып қаланды.

   Біз осы Жеңіс мерекесінде жанқияр еңбектерімен майдан даласына көмек берген тыл ардагерлерінің еңбектеріне ерекше бас иеміз. Бүгінгі ұрпақ сіздердің алдарыңызда қарыздар.

   Қадірлі жерлестер! Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміз тыныш, бірлігіміз берік болсын! Жеңіс күні құтты болсын!

Қобда ауданының әкімі                       Ізгілік Тынымгереев