
Ақтөбе облысында 2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында ұлттық дәстүрлер «Сыбаға» фестивалі алғаш рет өтеді.
Бұл ауқымды шара ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру және қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Фестиваль бес күнге созылып, әр күні ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге арналған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ұлттық киімдер көрмесі, спорттық жарыстар, гастрономиялық фестивальдер және қайырымдылық акциялары өткізіледі.
ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ
2 желтоқсан – «Тағылым»: «Ұлттық рух тұғыры» ғылыми-тәжірибелік конференциясы
3 желтоқсан – «Дәуір дефилесі» ұлттық киімдер сән көрсетілімі және қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі
4 желтоқсан – «Салбурын-2024» дәстүрлі аңшылық және ұлттық спорт түрлері турнирі
5 желтоқсан – «Береке» ұлттық тағамдарға арналған гастрономиялық фестиваль
6 желтоқсан – «Сыбаға» кайырымдылық акциясы