
Басқарма басшысы лауазымына Ләззат Аманжолқызы Оразбаева тағайындалды.
Ол бұған дейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Ләззат Оразбаева 1971 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары.
1990 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін, 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін және Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Шалқар ауданының Тоғыз орта мектебінің мұғалімі болып бастады.
1997-2011 жылдары Ақтөбе қаласының №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры болды.
2011-2024 жылдары Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының білім, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармаларының басшысы; 2024 жылдың ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді.