
Құрметті жерлестер!
1 Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күткен мейрамы.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан - біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын. Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!» деген болатын. Біздің ауданымызда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында кешегі көктемгі су тасқыны кезеңінде бірлігіміз айқындалды.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз!
«Іргесі берік елді жау ала алмас, ауызы бір елді дау ала алмас» деген бабадан жеткен дана сөз бар. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!
Мерейлі мерекеде шын жүректен баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!
Аудан әкімі І.Тынымгереев