22.03.2024 ҚОБДАЛЫҚТАР ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ!

22.03.2024 ҚОБДАЛЫҚТАР ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ!

Аудан орталығының тұрғындары мен қонақтары Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті, алаңда нағыз мереке ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарына арнайы орнатылған киіз үйлерде арнайы дайындалған дәмді тағамдармен, мерекелік наурыз көже, ұлттық дәммен қарсы алды.
Мерекелік шараға аудан әкімі І.Тынымгереев қатысып, тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні - әз-Наурызбен құттықтады.  Арнайы мерекеге орай қойылған театрландырылған қойылымда көктемнің келуі, Қыдыр ата және төрт түлік пірлері бейнеленсе, шараның ерекшелігі Қобда ауданының 95 жылдығына орай 50 келін мен 45 домбырашы болды! Мерекеде тұрғындар "Қазақ күресі", "Асық ату", "Қол күрес", "Ләңгі", "Арқан тартыс" және "Қой көтеру" спорт түрлерінен өзара күш сынасты. Барша спорттық жеңімпаздарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.