Наурыз айының 14 күні аудан әкімі І.Тынымгереев пен аудан прокуроры Б.Ешмағанбетовтың, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен Қобда ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша ведомствоаралық отырыс өткізілді.

Отырысқа азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары, тиісті мекеме басшылары, ZOOM платформасы арқылы ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
🔹Қобда ауданы бойынша көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы;
🔹Азаматтық қорғау қызметтерінің 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы.