
2024 жылдың ақпанның 11 күні Қобда ауданының Сөгәлі ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Сөгәлі ауылдық округ әкімі болып Ізімғалиев Арман Талғатұлы сайланды. Жаңа әкім жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды.
Ізімғалиев Арман Талғатұлы 1989 жылы Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2010 жылы Ақтөбе қаласындағы «Народный банк» бөлімшесінде менеджер болып бастап, 2013-2016жж.осы бөлімшеде бас менеджер, бөлім басшысы қызметтерін атқарып, 2018-2020жж.Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман болып, 2020ж.осы уақытқа дейін Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман қызметін атқарған.