
Қаңтардың 15 күні аудан әкімі І.Тынымгереевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары А.Сұлтанов, аппарат басшысы Б.Смағұлов, ауылдық округтің әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
🔹«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының» жұмыспен қамту шараларының 2023 жылдың қорытындысы бойынша орындалуы және 2024 жылға жоспары туралы;
🔹Су тасқынының алдын алу шаралары туралы;
🔹Мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібі туралы.
Мәжіліс соңында аудан әкімі І.Тынымгереев аудан тұрғындарының әлеуметтік желіге келіп түскен өтініштеріне жасалынған мониторинг нәтижесі бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен жауап алып, жұмысты жалғастыруды тапсырды.