
Қобда ауданының құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясы аудан әкімінің орынбасары А.Т.Сұлтановтың төрағалығымен және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары А.Н.Балкасынов пен облыстық Қоғамдық кеңесінің заңгері Б.С.Жұбаниязовтың, сондай-ақ бекітілген комиссия мүшелері, аумақтық құқық қорғау органдары, аудандық мемлекеттік мекемелердің, бөлімдердің басшыларының қатысуларымен «Аудандық құқық бұзушылықтың профилиактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының» кезектен тыс кеңесінің отырысы 2023 жылдың 14 желтоқсанында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткізілді.
Отырыс барысында, аудан аумағындағы қылмысты азайту бағытында
жүргізіліп жатырған жұмыстары туралы, аудандық полиция бөлімі бастығы А.А.Утешевтің есептік баяндамасы тыңдалды және аудан әкімдігімен атқарылған құқықбұзушылықты алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген шаралары туралы профилактикалық жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің басшысы Н.Ж.Дұзбановтың баяндамалары тыңдалып және тыңдаушылар тарапынан оң бағалары берілді.
Аталған іс-шара барысында:
- мал ұрлығының алдын алу бағытында, елді мекен тұрғындары мен шаруа қожалықтардағы ірі қара мен ұсақ мүйізді мал бастарын жүз пайыздық бірдейлендіру;
- интернет-алаяқтыққа тосқауыл қою мақсатында «Интернет-дүкен», «Қаржы пирамидасы», «Колесо» тәрізді көптеген жарнамаларға алданбауға шақыру және алдын ала сауда-саттық бойынша төлем жүргізбеу туралы;
- иттер мен мысықтардың иелері міндетті түрде үй жануарларын чиптендіру міндеттілігі бойынша тиісті шараларды қабылдау туралы;
- ірі қара мүйізді малдарды және олардың еттерін тиісті заңды құжаттарсыз тасымалдауға тосқауыл қою;
- мемлекеттік бағдарламалар аясында, бос жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, ақылы қоғамдық жұмыстарына азаматтарды тарту;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралары қабылдау туралы тақырыптағы мәселелері талқыланды және алдағы уақытта тиісті мекемелермен орындаушылық шараларын қабылдау тапсырмалары жүктелді.
Сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жиеналин Жұмағазы Зағыпарұлының баяндамасында, елді мекендердегі күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларын қадағалау, аудан көлемінде жұмыссыздық деңгейін төмендету бағыты туралы баяндамасы тыңдалып және оң баға берілді.
Сонымен қатар, «Қоғамдық кеңес» отырыстарындағы қабылданған хаттамалар мен жылдық жоспарлар, әзірленген есептер kazkenes.kz сайтында тұрақты жариялануда екендігі туралы хабарланды.
Тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сауалдарға қанағаттандырылған жауаптары берілді.