2023 жылғы 5 қарашада Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімінің сайлауы өтті.

2023 жылғы 5 қарашада Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 10564 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 7246 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 202 адам қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Қобда ауданы әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Амантаев Бағдат Ақмалайұлы үшін сайлаушылардың 1599 дауысы берілді,

Мусаев Бауыржан Әлменұлы үшін сайлаушылардың 891 дауысы берілді,

Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы үшін сайлаушылардың 4672 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 38.

Сайлау қорытындысымен Қобда ауданының әкімі болып:

Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы сайланды,1978 жылы туған, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Қобда ауданының Қобда ауылында тұрады.