
Іс-шараға аудан әкімінің м.а. Қанат Мыңбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан Батырбек Шамилов, ауданның құрметті азаматтары Серік Ботағарин, Қадірбек Меркашев, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, шаруа қожалықтары басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін "Еңбек Даңқы" медалімен Серік Кусмагамбетов наградталды.Бірқатар шаруа қожалықтары басшылары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Қонақтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесімен танысып, театрландырылған қойылымдар мен мерекелік концерт тамашалады.
Этноауылда аламан бәйге, тай бәйге, қой көтеру, қозы көтеру, арқан тартыс, қол күрес тб ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтті.