Жарық ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды.

Жарық ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды.

✅24 қыркүйекте Қобда ауданының Жарық ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Жарық ауылдық округінің әкімі болып Кенбаев Таңат Қылышбайұлы сайланды. Жаңа әкім жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды.

Кенбаев Таңат Қылышбайұлы 1963 жылы дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары. “Игілік-2” шаруа қожалығының басшысы. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жарық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

​Еңбек жолын 1979-1980 ж.ж. Жарық кеңшарында құрылысшы болып бастаған. 1980- 1981 ж.ж - Жарық кеңшарында шопан, 1986– 1990 ж.ж - құрылыс шебері, 1999 – 1999 ж. - бас бухгалтер, 2000 -2009 ж.ж - Қобда аудандық құрылыс бөлімінде бас маман, 2012 - 2013 ж.ж - Қобда аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бастап “Игілік-2” шаруа қожалығының басшысы.