Аудан әкімі Болат Ахметұлы Құловтың аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Болат Ахметұлы Құловтың аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер! 

        Сіздерді Тәуелсіздіктің теңдесіз тартуы, ел тарихындағы ең басты мерекелердің бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

        Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі.

        Басты құжатымыз қолданысқа енгізілген сәттен бастап еліміз тұрақты даму жолына түсіп, әлемнің мықты елдерімен терезесін теңестірді. Тұрақтылық пен берік бірлігіміздің нәтижесінде Қазақстан халқы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырды.

        Отанымыздың табысты және серпінді дамуына қобдалықтар да өз үлестерін қосуда. Ауданымыздың әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіші жоғарылап, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін  қолайлы жағдайлар жасалуда. Осы бағыттағы жұмыстардың барлығы да Ата Заңымыз белгілеп берген заңнамаларға сәйкес жүргізілуде.

        Қымбатты қобдалықтар! Баршаңызға мықты денсаулық, ынтымақ пен бақ-береке тілеймін!Ата заңымыз айбынды, егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!