
2023 жылғы 30 шілдеге тағайындалған Қобда ауданының Қобда және Жиренқопа ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қарсаңында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес №416 сайлау учаскесінде семинар-тренинг өткізілді.
Комиссиялар мүшелеріне сайлау учаскелерін жабдықтау,сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу, сайлау құжаттарын толтыру, есептен шығару куәлігін беру, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
«Сайлау күні» тақырыбындағы тренинг өткізілді, «Сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз дауыс беруді қамтамасыз ету» тақырыбы, «Дауыс беруді ашу», «Дауыс беру», «Дауыс беру нәтижелерін анықтау», кезеңдері бойынша рөлдік ойындар ұйымдастырылды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ситуациялық тапсырмаларды талдап, ұсынылған жағдайларда өз әрекеттерін анықтап, заң талаптарына сәйкес ұсыныстар берді. Сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлеу мен өткізу барысында туындайтын жағдайларды жан-жақты талдап, олардың алдын алу бойынша ұсыныстарды қарастырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Сайлау комиссияларының мүшелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының, Орталық сайлау комиссиясының қаулыларының талаптары бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне әдістемелік көмек көрсетіп, сұрақтарына жауап берді.