Күмбірле, қоңыр домбыра!

Күмбірле, қоңыр домбыра!

Аудан әкімі Б.Кулов "Отан Ана" саябағында Ұлттық домбыра күніне орай өткен "Күмбірле, қоңыр домбыра!" атты мерекелік шараға қатысты. Ауданымыздың жас өнерпаздары мен аудандық өнер мектебінің ұзтаздары мен тәлім алушылары дала сарыны мен ұлы даламыздың әуезді әндерін айтып, күйлерін күмбірлетіп, мың бұралған бишілеріміз өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.
Ғасырлар бойы мәдениетіміздің сақталуына септігі тиген, ұлттың үнін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келген, әр үйдің төрінде тұратын ұлттық аспабымызды насихаттау біздің азаматтық парызымыз!
Халқымыздың үні мен болмысы тұнған домбыраны серік еткен рухы биік, дүние танымы кең ұл-қыздарымыз көбейе берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке құтты болсын!