АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімі Б.Куловтың халық алдындағы кездесуі Жиренқопа, Қаракемер елді мекендерінде өтті. Жиренқопа ауылының тұрғындарын маршруттық автобус, көгілдір отын, балаларға арналған ойын алаңын салу төңірегіндегі мәселелер толғандырса, Қаракемер ауылының тұрғындары ауылдық клубты күрделі жөндеуден өткізу, санитарлық тазалық, абаттандыру мәселелерін қозғап, сұрақтарын қойды.
Кейбір сұрақтар жекелеген азаматтардың жауапкершілігіне, жалпы қоғамдық бірлікке байланысты болса, кейбірі қаржыға байланысты уақыт қажет ететіндігін айтып,  тиісті шаралар қабылдау жөнінде мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.
Бір көңілге қонымдысы, көтерілген сауалдардың басым көпшілігі жеке бастың емес, ауылдың тыныс тіршілігіне қатысты болды. Бұл да болса ауылдағы ағайынның қоғамдық пікірінің қалыптасқанын аңғартады.